А. Ертаев АӨСШК волонтерлік қозғалысының көшбасшыларын Қазақстандағы әлеуметтік және инклюзивті волонтерлік туралы хабардар етті
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев АӨСШК Жастар кеңесі аясындағы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің волонтерлер қозғалысы көшбасшыларының слетіне (бұдан әрі – Слет) қатысты. Ол Қазақстандағы әлеуметтік және инклюзивті волонтерліктің негізгі тәсілдері туралы хабарлады.
Халықаралық іс-шара барысында волонтерлік қызмет саласындағы, сондай-ақ өңірдегі бейбіт келісіммен өмір сүру және тиімді ынтымақтастық мақсатында қатысушылар арасындағы мәдениетаралық түсіністік пен сенімді нығайту жөніндегі тың идеялармен, оң іс-тәжірибемен және озық үлгілермен алмасу болды.
Асқарбек Ертаев кездесуге қатысушыларға өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетудің негізгі бағыттарының бірі ретінде әлеуметтік волонтерлік туралы баяндады. Инклюзивті волонтерлік халықтың барлық әлеуметтік топтары үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған осы жұмыстың маңызды бөлігіне айналады.
«Әлеуметтік және инклюзивті волонтерлік – әділ және ынтымақты қоғам құрудың маңызды құралы. Азаматтарды волонтерлік қызметке, әсіресе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарту бұл көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге, халықтың көптеген осал топтарын белсенді қолдау және оңалту үшін жаңа жағдайлар жасауға көмектеседі», – деді вице-министр.
Ол сондай-ақ волонтерлік қызметтің жетістігі халықтың барлық әлеуметтік топтарының жеке қажеттіліктерін қаншалықты ескере алатынымызға байланысты екенін атап өтті.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сараптамалық қоғамдастықпен бірлесіп, 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасының жобасын әзірледі. Оның басты мақсаты – Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру. Еліміздегі мүгедектіктің медициналық-әлеуметтік үлгісінен әлеуметтік-құқық қорғау моделіне көшу тұжырымдамалық жаңалық болып табылады», – деп қорытындылады Асқарбек Ертаев.
Бұл ретте АӨСШК волонтерлер слеті Астанада екі күн, яғни осы жылғы 3-4 қазан аралығында өтеді. Іс-шара аясында тақырыптық панельдік сессиялар мен оқыту тренингтері ұйымдастырылғанын естеріңізге сала кетейік.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -