А. Ертаев Көші-қон саясаты тұжырымдамасының іске асырылуы туралы хабарлады: Астана қаласы, 31 Наурыз 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

А. Ертаев Көші-қон саясаты тұжырымдамасының іске асырылуы туралы хабарлады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстандағы ағымдағы көші-қон ахуалы және 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасының іске асырылу барысы туралы айтты.

«Екі жыл бойы көші-қонның оң сальдосы сақталуда. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ол +17,2 мың адамды құрады. Қазақстанға 30 мың адам келді, елімізден 12,8 мың адам кетті. Елдер бөлінісінде көші-қон өсімі негізінен ТМД мен Қытайға тиесілі.

Оң сальдо білім деңгейі бойынша да байқалады, елден шыққан адамдарға қарағанда елімізге білімді адамдар көптеп келген. Бұдан басқа, техникалық мамандықтар бойынша +1597 адам, педагогикалық мамандықтар бойынша +526 адам, ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша +151 адам, медициналық мамандықтар бойынша +295 адам оң сальдо қалыптасты», – деді Асқарбек Ертаев.

Вице-министр сондай-ақ ішкі көші-қонда еңбек мобильділігі шеңберінде белсенділіктің өсуі байқалатынын атап өтті.

«2024 жылы ел ішінде қоныс аударушылар саны 2023 жылмен салыстырғанда 1,5 еседен астам өскен. Мәселен, өткен жылы ішкі көші-қонға 1 млн 510 мың адам қатысты, оның ішінде 689,5 мың адам өңіраралық қоныс аударған.

Мегаполистер ішкі мигранттарды тарту орталықтары болып қала береді (50%). Мәселен, қарастырылып отырған кезеңде Астана қаласына тұрақты тұруға 151 мыңнан астам адам, Алматы қаласына – 129 мың адам, Шымкент қаласына – 68 мың адам келді», – деп қосты Асқарбек Ертаев.

Бұдан әрі вице-министр Көші-қон саясаты тұжырымдамасын іске асыру аясындағы жұмыстың негізгі бағыттары туралы хабарлады.

«Қазақстандық жұмыскерлердің білімін трансферттеу және біліктілігін арттыру мақсатында сұранысқа ие шетелдік мамандарды тарту бойынша бірқатар кешенді шаралар қабылдануда.

Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін талап етілетін кәсіптердің тізбесі кеңейтілді. Қазақстан азаматтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстандық қызметкерлердің тәлімгерлігін ұйымдастыру қағидалары және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптар бекітілді.

Жеке тұлғалардың үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру тәртібі қайта қаралды.

Жеңілдікті режиммен тарту үшін шетелдік қызметкерлердің санын анықтау бойынша бизнес-процесс автоматтандырылды», – деді Асқарбек Ертаев.

Шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқықтарын қорғау саласында Қазақстан Үкіметі мен Қатар Үкіметі арасындағы осы мемлекетте республикамыздан жұмыскерлерді жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісімді ратификациялау бойынша жұмыс жүргізілуде.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Еңбектегі қанау мен заңнаманы бұзуға қарсы іс-қимыл қызметі (GLAA) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат Ұлыбритания аумағында Қазақстан азаматтарын уақытша жұмысқа орналастыру шарттары мен рәсімдері туралы ақпарат алмасуды көздейді.

Қазақстаннан келген мигранттардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету үшін Сауд Арабиясы, БАӘ және Оңтүстік Кореямен келісімдер жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Олар осы елдердегі  еліміздің азаматтарының еңбек қызметі мәселелерін реттейді.

Алматы, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында қазақстандықтарды алдын ала оқыту орталықтары құрылды. Олардың негізгі міндеті – тілдік курстар өткізу, шетелде жұмысқа орналасқысы келетін кандидаттардың кәсіби біліктілігін арттыру.

«Қазақстан азаматтарының шетелдегі еңбек қызметін ұйымдастыру бөлігінде жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметін реттеу тетіктері пысықталуда.

Министрлікке жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің заңнама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметін реттеу қағидаларын әзірлеу бойынша құзырет беру бөлігінде заңнамалық түзетулер қаралуда. Аталған шаралардың барлығы шетелде жұмысқа орналасқысы келетін қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған», – деп толықтырды вице-министр.

Этникалық көші-қонды реттеу шеңберінде тарихи отанына қоныс аударған этникалық қазақтар үшін мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері іске асырылуда.

Қандастарды қоныстандыруды реттеу үшін аймақтар бойынша саралай отырып, өңірлер (аудандар мен елді мекендер бойынша) бөлінісінде қоныстандырудың интерактивті картасы әзірленді.

2024 жылы жергілікті атқарушы органдар Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Абай облыстарында, 2025 жылы Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында бейімдеу және интеграциялау орталықтарын құрды. Қандастар мен қоныс аударушыларды толық сүйемелдеу «FSM Social» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

«Биылдан бастап қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу және ерікті қоныс аудару шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын көрсету жөніндегі мемлекеттік қызметтер электрондық форматта көрсетіледі. Осылайша, көрсетілетін қызметті алушылардың мансаптық орталықтардың қызметкерлерімен байланысы жойылады, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді», – деп хабарлады Асқарбек Ертаев.

Осы мемлекеттік қызмет түрлерін цифрландыру қоныс аударуға қатысушылар мен еңбек мобильділігі орталықтары арасындағы шарттық міндеттемелердің орындалуына нақты мониторингті қамтамасыз етеді.

Ерікті қоныс аударуға қатысушылар мен олардың отбасы мүшелерін тұрақты тіркеу арқылы «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесінде адамдардың еліміздегі ішкі тұруын ауыстырудың нақты есебі жүргізіледі. Бұл қоныс аударушылардың, қандастардың және олардың отбасы мүшелерінің тіркеу орнындағы өзгерістерін уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.

Мансап орталықтары өз еркімен көшіп кететін отбасыларға төленген материалдық көмекті сотқа дейінгі тәртіппен қайтару қажеттігі туралы хабарлама жіберетін болады.

Сөз соңында вице-министр көші-қон процестерін реттеу жүйесін цифрландыру басым бағыттардың бірі болып табылатынын атап өтті.

«Migration.enbek.kz порталы әзірленді, ол болу мақсатына қарамастан Қазақстанға келетін шетелдік азаматтардың бірыңғай есебін, сондай-ақ көші-қон ағындарының мониторингі мен бақылауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жұмыс кезең-кезеңмен жүргізіледі. 2024 жылы 15 қызмет енгізілді, 2025 жылы 3 қызметті іске қосу жоспарлануда.

Осы шаралардың барлығы «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін көшіп-қонушылардың қозғалысын есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құруды көздейді», – деп түйіндеді Асқарбек Ертаев.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың қорытындысы бойынша коммерциялық секторда шетелдік мамандарды тартуға 14,5 мың рұқсат, сондай-ақ жеке тұлғалардың үйінде жұмыс істеуі үшін еңбек мигранттарына 293 мың рұқсат берілген.

2024 жылы еңбек күші тапшы өңірлерге 8 950 адам немесе 2 544 отбасы қоныс аударды. Қоныс аударушылардың отбасыларына тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жалпы сомасы 7 млрд теңгеге 1 641 экономикалық ұтқырлық сертификаты берілді.

Қазіргі уақытта «Ата жолы» картасы 68 этникалық қазаққа берілді, олардың 40-ы сұранысқа ие мамандық иелері және 28-і бизнес-иммигранттар болып табылады. «Ата жолы» картасын алушылар негізінен Астана және Алматы қалаларында тұрады.

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша шетелде 140 мыңға жуық қазақстандық еңбек етеді. Біздің азаматтар негізінен Ресей Федерациясында, Оңтүстік Кореяда, Түркияда, БАӘ мен Ұлыбританияда жұмыс істейді.

Осы жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша елде пана іздеген 287 адам және 299 босқын тұрады, басым көпшілігі Алматы қаласында қоныстанған.

Ақпарат көзі: Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар