А. Ертаев Орталық Азия елдеріндегі әріптестерін Қазақстандағы отбасыларды қолдау шараларымен таныстырды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев Ташкентте өткен «Орталық Азияда орнықты қоғамдастықтар құру – әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік қызметтер арқылы балалардың, жастардың, әйелдер мен отбасылардың әл-ауқатына жәрдемдесу» форумы барысында өзге елдерден келген әріптестеріне Қазақстандағы отбасыларды қолдау шаралары туралы баяндады.
Форумды Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігі Өзбекстандағы БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) және Колумбияның әлеуметтік жұмыс мектебімен бірлесіп ұйымдастырды.
«Қазақстанда отбасын қолдау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету» интерактивті сессиясы аясында Асқарбек Ертаев баланың отбасында өмір сүру құқығын нығайту үшін түрлі ведомствоаралық өзара іс-қимыл арқылы қамтамасыз етілетін қызметтер мен шаралар кешені ұсынылатынын хабарлады.
Вице-министр патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап және прогрессивті жүйесін іске асыру туралы, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының, балаларға арналған психологиялық қолдау орталықтарының, сондай-ақ отбасыларға қызмет көрсететін барлық секторлардың үйлестіру жұмыстарын орындайтын отбасын қолдаудың әлеуметтік орталықтарының жұмысы туралы айтты.
Сондай-ақ, ол мүгедектігі бар балаларға стационар, жартылай стационар және үйде күтім жасау арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (бұдан әрі – АӘҚ) туралы хабарлады.
«Жартылай стационарлық және үй жағдайында қызмет АӘҚ көрсету стационарлық ұйымдардың жұмыс істеп тұрған желісіне балама болып табылады және баланың отбасымен бірге болуына бағытталған. Мүгедектігі бар адамдар үшін қосымша 12 әлеуметтік оңалту орталығын салу жұмыстары жүргізілуде, олардың екеуі пайдалануға берілген. Еліміздің 8 өңірінде аутизм спектрі бұзылған және басқа да менталды бұзылыстары бар балаларға арналған күндізгі болу орталықтарын ашу жоспарлануда», – деді Асқарбек Ертаев.
Сонымен бірге вице-министр бала тууды ынталандыру, балаларды отбасында тәрбиелеуге жәрдемдесу, көпбалалы аналардың беделі мен мәртебесін арттыру шеңберінде іске асырылатын көп деңгейлі әлеуметтік көмек жүйесі туралы хабарлады.
«1,3 миллионға жуық азамат отбасының табысына қарамастан тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылармен қамтылған. Қазіргі уақытта Қазақстанда балалы отбасыларға республикалық бюджеттен жәрдемақылардың 5 түрі және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдердің 2 түрі төленеді», – деп атап өтті ол.
Сөз соңында Асқарбек Ертаев Отбасының цифрлық картасы (бұдан әрі – ОЦК) туралы айтып берді.
«ОЦК – бұл инновациялық өнім. Ол әлеуметтік тәуекелдерді анықтау және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау үшін қолданылады. Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың 24 ақпараттық жүйесімен біріктірілген. Олардың мәліметтері негізінде отбасының құрамы автоматты түрде анықталады және өмір сүру деңгейін бағалау қалыптастырылады, сосын қажетті мемлекеттік қолдау көрсетіледі», – деді Асқарбек Ертаев.
Қазіргі уақытта ОЦК мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға ешбір өтінішсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ОЦК арқылы автоматты хабарламалардың 3 түрі жүзеге асырылды. 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1,2 млн-ға жуық азаматқа мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алу үшін тиісті SMS-хабарламалар жолданды. Оның ішінде 486 мың азаматқа проактивті түрде тағайындалды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -