Ақпараттық түсіндіру шаралары жалғасын тапты
Ағымдағы жылдың 3 қазаны күні Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Дін істері басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Конфессияаралық қатынастарды дамыту және талдау орталығы» КММ-нің қызметкерлері Петропавл қаласының Евразия базары мен Евразия сауда орталығының қызметкерлеріне профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Діни экстремизмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде СҚО ДІБ Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлері А.Ғалиасқаров, Н.Беков пен Ә.Зулфукаров сауда қызметкерлеріне Діни бірлестіктер заңнамасы мен радикалды діни ағымдардан сақтану жолдары түсіндірілді. Сондай-ақ теолог мамандар радикалды діни ағымдардың белгілерін айрықша атап өтті.
Аталмыш жиындардың басты мақсаты – облыс тұрғындары арасында діни сауаттылықты арттыру, діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризмге жол бермеу арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Сөз соңында спикерлер қандай да діни ақпараттарды әлеуметтік желілер мен күдікті діни топтардан алмауға кеңес берді.
Материал СҚО Терроризмге қарсы аппараты
комиссиясының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -