Ақпараттық-түсіндіру топ құрамының жұмысын үйлестіру және біліктілігін арттыру: Астана қаласы, 02 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Ақпараттық-түсіндіру топ құрамының жұмысын үйлестіру және біліктілігін арттыру

Діни экстремизмге қарсы алдын алу шараларын жетілдіру мақсатында Жетісу облыстық «Дін істері басқармасы» ММ ағымдағы жылдың қазан айында облыстық ақпараттық-түсіндіру топ құрамының жұмысын үйлестіру және біліктілігін арттыру бойынша 5 күндік оқыту курстарын ұйымдастырды.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және халық арасында жүргізілетін түсіндіру жұмысының маңыздылығын ескере отырып, облыста 63 мүшеден тұратын ақпараттық-түсіндіру тобының құрамы қайта жасақталды.

Іс-шара мақсаты — дін саласын реттеуге бағытталған заңнамалық актілер негізінде өңірде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, мәселелерді талдау, БАҚ-тағы жарияланымдарды құқықтық жағынан реттеудің жаңа әдіс-тәсілдерін үйрету.

Дін істері басқармасының басшысы С. Жаңабай курстан өтушілерге өздеріне жүктелген жауапкершілік пен мемлекеттің дін саласында жүргізіп отырған саясатын түсіндіре отырып, істеріне сәттілік тіледі.

Қатысушыларға «IHSAN» ғылым және мәдениет орталығының төрағасы, теология ғылымдарының Pһd докторанты, РАТТ мүшесі Т. Нүсіпханұлы мен Нұр-Мүбарак университетінің профессоры, Исламтану бойынша Pһd доктор, РАТТ мүшесі А. Әкімханов дәріс берді.

Спикерлер мемлекеттің дін саласындағы саясатын түсіндірудің ең тиімді тәсілі – ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының өзектілігі, Ислам дініндегі радикалды топтардың шығу себептері және т.б. тақырыптарда кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Курс нәтижесіне сәйкес қатысушыларға тиісті сертификаттар табысталып, ақпараттық-түсіндіру топ құрамының мүшесі екендігін айқыдайтын куәлік  берілді.

Материал Жетісу облысы бойынша ТҚК

аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Діни экстремизмге қарсы алдын алу шараларын жетілдіру мақсатында Жетісу облыстық «Дін істері басқармасы» ММ ағымдағы жылдың қазан айында облыстық ақпараттық-түсіндіру топ құрамының жұмысын үйлестіру және біліктілігін арттыру бойынша 5 күндік оқыту курстарын ұйымдастырды.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және халық арасында жүргізілетін түсіндіру жұмысының маңыздылығын ескере отырып, облыста 63 мүшеден тұратын ақпараттық-түсіндіру тобының құрамы қайта жасақталды.

Іс-шара мақсаты — дін саласын реттеуге бағытталған заңнамалық актілер негізінде өңірде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, мәселелерді талдау, БАҚ-тағы жарияланымдарды құқықтық жағынан реттеудің жаңа әдіс-тәсілдерін үйрету.

Дін істері басқармасының басшысы С. Жаңабай курстан өтушілерге өздеріне жүктелген жауапкершілік пен мемлекеттің дін саласында жүргізіп отырған саясатын түсіндіре отырып, істеріне сәттілік тіледі.

Қатысушыларға «IHSAN» ғылым және мәдениет орталығының төрағасы, теология ғылымдарының Pһd докторанты, РАТТ мүшесі Т. Нүсіпханұлы мен Нұр-Мүбарак университетінің профессоры, Исламтану бойынша Pһd доктор, РАТТ мүшесі А. Әкімханов дәріс берді.

Спикерлер мемлекеттің дін саласындағы саясатын түсіндірудің ең тиімді тәсілі – ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының өзектілігі, Ислам дініндегі радикалды топтардың шығу себептері және т.б. тақырыптарда кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Курс нәтижесіне сәйкес қатысушыларға тиісті сертификаттар табысталып, ақпараттық-түсіндіру топ құрамының мүшесі екендігін айқыдайтын куәлік  берілді.

Материал Жетісу облысы бойынша ТҚК

аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Аймақтағы жаңалықтар