Ақпараттық-түсіндіру жұмысы қарқынды жүруде
Алматы облысы Қонаев қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында қандастар арасында және Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы жұмыссыздар жиналатын орында «Діни экстремистік идеологияның қоғамға қауіптілігі және зайырлылық қағидалары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды.
Аталған шаралар діни сауаттылықты арттыруға және түрлі діни ұйымдарға қарсы иммунитет қалыптастыруға, жекелей ақпарат алу кезінде талдауды үйретуге бағытталды.
Шараларды облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Т.Әліп пен М.
Дунгенбек
өткізді. Шара барысында деструктивті ағымның қауіптілігі, олардың алдын алу жолдары мен психологиялық зияндылығы жайлы ақпараттар берілді.
Материал Алматы облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -