А. Сарбасов құрылыс саласындағы жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтауын бақылауды күшейтуді тапсырды: Астана қаласы, 10 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

А. Сарбасов құрылыс саласындағы жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтауын бақылауды күшейтуді тапсырды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің өкілдерімен бірлесіп құрылыс объектілерінде өндірістік жарақаттану және жалақы бойынша берешек мәселесі бойынша көшпелі кеңес өткізді. Ол мемлекеттік еңбек инспекторларына құрылыс саласындағы жұмыс берушілердің кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтауын бақылауды күшейтуді тапсырды.

Кеңеске сондай-ақ ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің, ҚР Құрылыс салушылар қауымдастығының, еліміздің құрылыс кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Кеңес алдында қатысушылар елорданың құрылыс нысандарының біріндегі жұмыскерлердің еңбек міндеттерін атқару кезінде олардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша құрылыс салушы қабылдап жатқан шаралармен танысты.

Ақмәди Сарбасов атап өткендей, құрылыс саласы жарақат алу қаупі бар салалардың бірі болып табылады. Адам шығыны орын алған әрбір бесінші оқиға осы салаға тиесілі болып отыр.

«Өткен жылдың өзінде 149 жұмыскер зардап шегіп, оның 46-сы қаза тапты. Осы жылдың статистикасы да көңіл көншітпейді. 9 айда құрылыс нысандарында 64 жұмыскер зардап шекті, оның ішінде 18 жұмыскер қаза тапты.

Құрылыс саласында жарақаттанудың жоғары деңгейі Астана қаласында, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалады», – деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, бірінші вице-министр еңбек инспекциясына құрылыс кәсіпорындарындағы жұмысшылар алдындағы жалақы бойынша берешек мәселелерімен жиі жүгінетінін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша Ақмәди Сарбасов Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің аумақтық департаменттеріне жұмыс берушілердің құрылыс саласы кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтауын бақылауды күшейтуді, жалақы бойынша берешекті өтеу және кәсіпорындарда еңбек тәуекелдерін ерте анықтау жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Ол сондай-ақ еліміздің құрылыс кәсіпорындары еңбекті қорғаудың барлық талаптарының сақталуын қамтамасыз етуі, бас мердігерлер тікелей бақылау жүйелерін енгізуі, кәсіптік одақтармен бірлесіп өндірістік кеңестер жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдауы, қоғамдық бақылауды күшейтуі тиіс екенін атап өтті.

Сонымен қатар бірінші вице-министр қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету үшін құрылыс нысандарына заманауи цифрлық технологияларды енгізуді ұсынды.

Ақпарат көзі: Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар