Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет жұбайымен бірге Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс берді.
Таңертеңгі сағат 9-да сайлау учаскесіне қала әкімі Азамат Бекет әйелімен бірге келді.Олар Тургенев көшесіндегі №30 орта мектепте орналасқан №46 сайлау учаскесінде дауыс берді. Қала басшысы ақтөбеліктер республикалық референдумда бірлікті көрсетіп, өз таңдауын жасайтынына сенім білдірді.
«Қала бойынша 343000 сайлаушы бар, бүгін 175 референдум учаскесі жұмыс жасап тұр. Барлығы талапқа сай жабдықталған. Тұрғындардың келіп дауыс беруіне ешқандай кедергі жоқ.
Мен еліміздің болашағы үшін дауыс беруді азаматтық борышым деп білемін. Сондықтан қала тұрғындарын рефендумға қатысып, белсенділік танытуға шақырамын. Еліміздің болашағына бей-жай қарамайтын ата-әжелеріміз таңғы 07.00-де келіп өз таңдауын жасап жатыр, жастарымыз да белсенді.
Референдум — еліміз үшін маңызды шара. Алдымызда үлкен оң өзгерістер күтіп тұр. Сондықтан бүгінгі шарада еліміздің әрбір азаматының даусы маңызды. Мен Ақтөбе жұрты ауызбіршілік танытады, өз таңдауын жасайды деп сенемін.
Қала учаскелерінде бүгін 1418 комиссия мүшесі жұмыс істеп жатыр. Таңнан бастап аяғынан тік тұрып, жұмысқа кіріскен барлық комиссия мүшелеріне алғысымды айтамын», - деді Азамат Бекет.
Сондай-ақ бүгін қаланың референдум учаскелерінде шағын жәрмеңкелер, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Қала әкімі жәрмеңкеден өнім сатып алып, жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсетті.
№46 референдум учаскесінде тіркелген сайлаушылар саны - 2007. Бірінші рет дауыс берушілер – 21. Ал 20 адам үйден дауыс береді. Комиссия мүшелері оларға сағат 12-00-де барады. №46 референдум учаскесінің төрағасы Айман Жанғасиева сайлаушылардың қатысу белсенділігі жоғары екенін атап өтті.
«Қала тұрғындары таңертеңнен жақсы келіп жатыр. Екі сағат ішінде жүзге жуық адам дауыс берді. Бұл дауыс беру процессін 5 бақылаушы қадағалап отыр. Комиссия мүшелері өте үйлесімді жұмыс істеуде, ешқандай заң бұзушылық әрекет тіркелген жоқ», - деп атап өтті ол.
Айта кетейік, Ақтөбеде сағат 07.00-де 175 сайлау учаскесі ашылды. Қаланың 343 000 тұрғыны дауыс беру құқығына ие. Оның ішінде 1650 адам үйден дауыс береді. Алғаш рет дауыс беретін жастардың саны - 5419.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -