Heriot-Watt университетінің студенті алғаш рет дауыс берді
Британдық Heriot-Watt университеті Ақтөбе филиалының студенті Аида Кадын Референдумда алғаш рет өз дауысын берді. Ол Сәңкібай батыр көшесіндегі Халықтық кеңседегі №540 учаскеде алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады.
Heriot-Watt университетінің студенті бұл референдум әрбір азаматқа ел болашағына әсер ететін маңызды мәселелер бойынша өз пікірін білдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Қазіргі уақытта АЭС құрылысы туралы өз ұстанымымды құпия ретінде қалдырғым келеді, себебі бұл өте маңызды және жан-жақты талдауды қажет ететін тақырып. Дегенмен, Қазақстан Республикасының Конституциясында әр адамның референдумда дауыс беру құқығы жазылғанын атап өткім келеді. Бұл құқық әрбір азаматқа ел болашағына әсер ететін маңызды мәселелер бойынша өз пікірін білдіруге мүмкіндік береді. Және әр адамның азаматтық парызы ретінде саналуы сөзсіз. Осындай ауқымды мәселелер бүкіл қоғамның пікірін ескере отырып, заңды және демократиялық жолмен шешілуі керек деп сенемін. Кез келген басқа азамат сияқты, мен де осы маңызды мәселені талқылауға өз үлесімді қосу үшін дауыс беру құқығымды бүгін пайдаланған болатынмын», - деді дауыс беруге алғаш рет қатысқан Аида Кадын.
Ақтөбе қаласының №540 референдум учаскесінде өз таңдауын алғаш жасаған студентке естелік сыйлық табыс етілді.
Айта кетейік, Ақтөбе облысында таңғы 7-ден барлық референдум учаскесі жұмысын бастады. Кешкі сағат 20:00-ге дейін 569845 адамның дауыс беруге құқы бар.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -