Ақтөбе облысындағы жалғыз соғыс ардагері дауыс берді
Жалпыхалықтық референдум науқанына облыстағы жалғыз Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Василий Грецкий өз үйінен дауыс берді.
Хромтау қаласында орналасқан №482 референдум учаскесінің сайлау комиссия мүшелері ардагердің үйіне барып, дауыс беру үшін барлық қажетті жағдайды жасады.
Ардагер Василий Грецкий референдумда өзінің таңдауын жасап, еліміздің болашағына деген үмітін білдірді. Ол елдегі реформалардың маңызды екенін атап өтіп, келер ұрпақтың жарқын болашағына үлес қосу әрбір азаматтың парызы деп санайтынын айтты.
Айта кетейік, Хромтау ауданында бүгін 201 адам үйден дауыс береді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -