Қызмет және азаматтық жауапкершілік: Ақтөбедегі әскери қызметшілер референдумға қатысты
Ақтөбеде ҚР Ұлттық ұланы №6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілері атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумда дауыс беруде белсенділік танытуда.
Дауыс беруге Отан алдындағы борышын өтеп жатқан 678 сарбаз қатысты. Олар үшін дауыс беру мүмкіншілігі әскери бөлім шегіндегі №87 сайлау учаскесінде ұйымдастырылды. 297 жас әскери қызметші үшін бұл алғашқы дауыс беру науқаны екен. Офицерлер мен сержанттар құрамы, сондай-ақ азаматтық қызметкерлер тұрғылықты жері бойынша дауыс беруде.
Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы, подполковник Төрехан Төртбаев бұл оқиғаның маңыздылығын атап өтті.
«Әрбір дауыс маңызды және біздің болашағымызды қалыптастырады. Референдумға қатысу – бұл азаматтық міндет қана емес, әрқайсысымыз үшін үлкен мәртебе»,- деді Төрехан Төртбаев.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -