Ақтөбедегі 5 учаскеде жәрмеңкелер өтуде
Ақтөбедегі бес референдум учаскесінде шағын жәрмеңкелер өтуде, онда тұрғындар түрлі тауарлар сатып ала алады.
«Жәрмеңкеде Ақтөбе қаласы мен Мәртөк ауданының өндірушілері тауарларын ұсынуда. Негізінен ауыл шаруашылығы өнімдері - көкөністер, жемістер, ет сатылады, түрлі нан-тоқаш өнімдері, Мәртөк балы және т.б. бар. Бағалар нарықтық бағадан төмен. Барлығы табиғи, жергілікті, балғын», - деп атап өтті Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Асқар Көкеев.
Жәрмеңкелер мына мекен-жайлар бойынша өтеді: Сарыжайлау көшесі, 20 Б; Сәңкібай батыр даңғылы, 145 Б; Тургенев көшесі, 70 А; Тәуелсіздік даңғылы, 4 А және 12 шағын аудан 37/1.
Айта кетейік, жәрмеңкеде «Бетбұрыс» әлеуметтік жобасының түлектері де өз өнімдерін ұсынды. Жоба 2021 жылы басталды. Осы уақыт ішінде 80-ге жуық көпбалалы, өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдер, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналар жергілікті кәсіпкерлерден бизнес негіздеріне оқытудан өтті. Нәтижесінде жобаның көптеген түлектері өз кәсіптерін ашты.
Олардың қатарында ақтөбелік Нұргүл Байменова да бар, ол жобадан кейін қоғамдық тамақтану орнын ашып, бүгінде 10 көпбалалы ананы жұмыспен қамтып отыр. Жәрмеңкеде Нұргүл Байменова жаңа піскен нан өнімдерін ұсынды.
.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -