АҚжӘБК төрағасының Қарағанды облысына жұмыс сапары
Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы генерал-майор Арман Зарлықұлы Қалиев жұмыс сапарымен Қарағанды гарнизонында болды.
Генерал-майор 52859 әскери бөлімінің, төтенше жағдайларды жою бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасымен танысып, мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде, жедел-құтқару жасағының авариялық-құтқару станциясында болып, департаменттің жеке құрамымен кездесті.
Іссапар барысында материалдық қамтамасыз етудің өзекті проблемалық мәселелері комитет төрағасының назарына жеткізіліп, гарнизонды дамытудың перспективалық жоспарлары баяндалды.
Комитет төрағасы төтенше жағдайларды жою күштері мен әскери бөлімдерді заманауи техникамен және технологиямен жабдықтау қажеттігін атап өтіп, іс-шараларды ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берді.
«Техникалық базаны жаңғыртуға, жаңа технологияларды енгізуге және қызметкерлеріміздің кәсібилігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Өңірдің ықтимал сын - тегеуріндерге дайындығының жоғары деңгейіне тек бірлескен күш-жігермен ғана қол жеткізуге болады», - деді Арман Қалиев.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -