Абай университеті Google Workspace for Education және Gemini құралдарымен білім беру көкжиегін кеңейтуде
Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі және Google компаниясымен бірлесіп, озық технологияларды қолдана отырып, оқу үрдісін трансформациялауға бағытталған инновациялық жобаны қолға алды. Жоба аясында университет білім беру үрдісіне Google Workspace for Education және Google Gemini жасанды интеллект құралдарының озық үлгілерін енгізіп, білім алушылар мен оқытушыларға оқу, зерттеулер жүргізу және бірлесіп жұмыс істеу үшін заманауи технологияларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Google Workspace for Education – Gmail, Docs, Sheets, Slides, Meet және Classroom сияқты құралдардың кешенді жиынтығы, олар тиімді байланыс орнатып, жобамен бірлесіп жұмыс істеуге және оқу материалдарына кез келген уақытта, кез келген жерден қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Google-дың Gemini жасанды интеллект құралын білім беру тәжірибесіне енгізу бейімделген оқытуға, деректерді талдауға және оқу үрдісіндегі күрделі мәселелерді шешуге жаңа мүмкіндіктер ұсынады.
Gemini көмегімен білім алушылар өз сұрақтарына тез және нақты жауаптар ала алады, шығармашылық жобалар үшін идеяларды қалыптастырып, күрделі тақырыптарды тереңірек түсінеді. Оқытушылар Gemini-ді интерактивті оқу материалдарын әзірлеу, күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру және білім алушылардың үлгерімін талдау үшін пайдалана алады.
«Бұл жоба Абай университетін цифрландыру арқылы оқу үрдісін үздіксіз жетілдіруге, білім алушылар мен оқытушыларға оқуда жетістікке жету және білім сапасын арттыру үшін заманауи озық цифрлық құралдармен қамтамасыз етуге бағытталғанын көрсетеді», - деді цифрландыру жөніндегі проректор Нұркен Мұсабаев.
Google-мен бірлескен бірегей жоба Абай университетінің инновациялық технологияларды енгізу және Цифрлық университет мәртебесіне қол жеткізу стратегиясындағы негізгі қадам болып табылады. Бұл жоба студенттер мен оқытушыларға табысты оқуға және ғылыми әлеуетін дамытуға ықпал ететін озық құралдарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Университет заманауи талаптар мен стандарттарға толық сәйкес келетін инновациялық, жоғары тиімді және жайлы білім беру ортасын құра отырып, цифрлық жобаларды дамытуды жалғастыруда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -