Абай облысында құқықтық IT-шешімдер енгізілді
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Әділет департаменті тұрақты негізде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндірме жұмыстарын бастады.
Абай облысының Әділет департаментінің басшысы Ернар Сейдімбек өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында атап өткендей, 2024 жылы “Халық заңгері”, “Әділет кеңес бересі”, “Ашық есік күні” және “Тегін заң көмегі күні” акциялары жоспарға сәйкес жүйелі түрде ұйымдастырылды. Өткен жылы облыстың барлық өңірлерінде 6000-ға жуық халықты қамтитын 477 консультативтік-түсіндіру іс-шаралары өткізілген.
– Ауылдық елді мекендер халқының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 80-ге жуық “құқық кабинеті” ашылды. Олар облыс әкімінің әрбір аудандық, ауылдық аппаратының ғимаратында орналасып “Egov” базасында қызмет атқарады. Нормативтік құқықтық актілерді қолдану мақсатында кабинеттерде “Ашық НҚА” порталы, “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесі, “Заң” дерекқоры орнатылған. Бұдан басқа, e-otinish платформасы арқылы мемлекеттік органдарға өтініштер жіберу, электрондық цифрлық қолтаңба алу үшін құқықтық кабинеттер қажетті толық техникамен жабдықталған, – деп атап өтті спикер.
Сонымен қатар, ведомства басшысы “E-ZanKomegi” ақпараттық жүйесімен қатар “Zan Komegi” мобильді қосымшасы да қолжетімді екенін айтты. Онда азаматтар бейне қоңырау арқылы өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап ала алады.
– Облыс бойынша мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне былтыр 55-ке жуық адвокаттар мен заң консультанттары қатысты. Өткен жылы 6 782 азаматқа мемлекет кепілдік аясында тегін заң көмегі берілді. Бұдан басқа, мүлікті басқаруға қатысты сенімхаттарды қоспағанда, ерлі-зайыптылардың сенімхаттары мен келісімдерінің барлық түрлерін беруге мүмкіндік беретін “Е-нотариат” бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі функционалуда, – деді департамент басшысы.
Аталған жүйедегі тағы бір маңызды жаңалық – робот сот орындаушысын енгізу. Егер 20 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұлдар уақтылы төленбесе, уәкілетті орган мәліметтерді ТЖД қатысуынсыз өндірісті робот қозғайды.
– Іс қозғалғаннан кейін азаматтар ол туралы мәліметті бар 1414-тен SMS-хабарлама және EGov Mobile-дан push-хабарлама ала алады. Барлық іс-шаралар онлайн режимінде жүргізілетіндіктен, азаматтар айыппұл сомасының 25%-ын қосымша төлеуден және сот орындаушысына барудан босатылады. Бүгінгі таңда цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап Абай облысында роботпен 8 761 атқарушылық іс қозғалды, оның ішінде 2 203 ісі аяқталып, 44 677 588 теңге өндірілді, – деп қорытындылады Ернар Сейдімбек.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -