ҚАБЫЛДАУ: 170-ТЕН АСТАМ ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков басқарма басшыларымен бірге азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. 170-тен астам тұрғын өзекті мәселелерімен жүгінді. Қала басшысы мен салалық басқармалар өкілдері әрбір өтінішті зерделеп, заң аясында шешу жолдарын ұсынды.Айта кету керек, өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй және жер қатынастарына, әлеуметтік қамтамасыз етуге, кәсіпкерлікке, құрылыс және денсаулық сақтау салаларына қатысты болды. Сондай-ақ, қаланы абаттандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Тұрғындармен тиімді байланыс орнатудың маңызды тәсілдерінің бірі - жеке қабылдау, халықтың проблемалары мен қажеттіліктерін шешуге мүмкіндік береді. Қала әкімі қабылдау қорытындысы бойынша жауаптыларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -