ТҮРКІСТАН ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕГЕ ИЕ БОЛАДЫ: СЕНАТОРЛАР ТИІСТІ ЗАҢДЫ МАҚҰЛДАДЫ: Түркістан облысы, 13 Ақпан 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕГЕ ИЕ БОЛАДЫ: СЕНАТОРЛАР ТИІСТІ ЗАҢДЫ МАҚҰЛДАДЫ

Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Түркістан қаласының ерекше мәртебесіне қатысты заңдарды қарады және өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады.

Отырыс барысында Сенат депутаттары «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңды және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Түркістан қаласының ерекше мәртебесі және шет елдегі мәдениет орталықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарады. Аталған заңдардың нормалары Түркістанды Қазақстанның рухани-мәдени, тарихи және туристік орталығы ретінде дамыту үшін құқықтық жағдайлар жасауға, сондай-ақ, тарихи-мәдени мұраны қорғап, рухани нысандардың бірегейлігін сақтауға бағытталған.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев түркі әлемінің алтын бесігі – Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы мәселені облыс жұртшылығымен кездесуінде көтерген болатын. Президентіміздің тапсырмасын орындау үшін арнайы заң әзірленіп, мақұлданды. Жаңа нормалар аясында Түркістан шаһарын еліміздің сәулет, рухани, тарихи-мәдени және туристік орталығы ретінде дамыту үшін кешенді шаралар көзделген. Осыған байланысты орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілеттіктері қайта қаралды. Сонымен қатар инженерлік, көліктік, әлеуметтік және туристік инфрақұрылымды дамыту мәселелері жан-жақты реттеліп отыр. Мақұлданған заңдар Түркістанның жан-жақты дамуына сомды үлесін қосады деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ заң арқылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бірегейлігін сақтау үшін кесененің қорғау аймағының шекарасынан бір жүз метр қашықтықта биіктігі жеті метрден асатын және ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерімен үйлеспейтін объектілер салуға жол берілмейтін болды.

Заңдарда мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге және инклюзивті туризмді дамытуға арналған түзетулер де қарастырылған. Бұл ретте инфрақұрылымның кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Сонымен қатар әкімдіктер мен мәслихаттардың құзыреттері қайта қаралды. Енді қала аумағында тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаланың ұлттық қолөнер саласындағы шеберлердің шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлеу әкімдіктің құзыретінде болады. Бұл Түркістан қаласының аумағы арқылы транзиттік автомобиль көлігі қозғалысының схемалары мен тәртібін келісу рәсіміне де қатысты екенін атап өткен жөн. Осылайша, аталған заңнамалық нормалар қаланың тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштері мен объектілерін, оның ішінде дүниежүзілік мұра – Қожа Ахмет Яссауи кесенесін қорғау аймағында орналасқан нысандарды басқару мен сақтаудың тиімді жүйесін қалыптастыруға арналып отыр.

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар