ТҮРКІСТАН: ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ КЕНТАУДАҒЫ ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ: Түркістан облысы, 13 Ақпан 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ КЕНТАУДАҒЫ ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Кентау қаласына жұмыс сапарымен барды. Ондағы мақсат Мемлекет басшысының 28 қаңтар күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы тапсырмаларын орындау, аймақтың инфрақұрылымын дамытып, энергетикалық әлеуетін көтеру. Министр Алмасадам Майданұлы Кентау қаласындағы №5 ЖЭО-дағы қайта құру жұмыстарының барысын бақылады.

Жылу энерго орталығында болып, жұмысымен танысты. Жауапты тұлғаларға жергілікті тұрғындарды қалыпты деңгейде сапалы жылумен қамтып, жағдайды бақылауда ұстауды тапсырып, қаланың жылу желілерін қайта құру бойынша атқарылатын жұмыстарды тыңдады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Кентау қаласын сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында «Кентау қаласы ЖЭО-ның «№7,8,9,10,11,12 қазандықтарын күрделі жөндеу» жобасы әзірленіп, жылу көздерін жаңғыртуға қаржы қаралған. Станция 1934 жылы құрылған. Оның қондырғылары 1954 жылы орнатылған. Соңғы күрделі құрылыс жұмыстары 2012 жылы жүргізілген. Қазіргі таңда, Кентау қаласының №5 Жылу энерго орталығы қайта жаңғыртудан өтіп қаланы толық жылумен қамтып отыр.

Айта кетейік, 6 қазандықтың қайта құру жұмыстары жүргізілген. Бұдан бөлек, 2 қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды.Сонымен қатар қаладағы 6,6 шақырым магистральды жылу желілері қайта жаңартылды.

Одан бөлек, 14,6 шақырым жылу желілерін реконструкциялау бойынша жұмыстар жалғасады. Газтрубиналық станция құрылысы басталады. Инвестициялық құны 170,0 млрд. Құрылыс кезеңінде 500 дей адам жұмыспен қамтылады деген жоспар бар. Жүзеге асыру кезеңдер 2025-2027 жылдар аралығы. Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асырылмақ.

Айта кетейік, қаладағы 14 мыңға жуық абонент орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Оның ішінде 108 бюджеттік мекеме, 2 мыңнан астам жеке сектордағы тұрғын үй, 347 көпқабатты тұрғын үй және 441 коммерциялық нысан бар. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар