Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев адам құқықтары саласындағы белгілі сарапшылармен және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында адам құқықтарын қорғау саласын дамытудың өзекті мәселелері, халықаралық стандарттарды қолдану, сондай-ақ заңнаманы жетілдіруге бағытталған тетіктер мен құралдар талқыланды.
Азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту және құқық қолдану процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша практикалық қадамдарға ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар адам құқықтары жөніндегі күн тәртібін одан әрі ілгерілету үшін мемлекеттік органдар, сарапшылар қауымдастығы және азаматтық қоғам арасындағы ашық диалог пен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
«Бірлескен күш-жігер мен тәжірибе алмасу адам құқықтары жүйесін дамытудың негізгі факторлары болып табылады. Азаматтардың құқықтарын қорғаудың тетіктерін күшейтіп, әділ және ашық құқықтық жүйені құруға бағытталған заманауи тәсілдерді енгізу маңызды», – деді Артур Ластаев.
Кездесу соңында қатысушылар заңнамалық базаны және оны қолдану тәжірибесін жетілдіруге қатысты ұсыныстар әзірлеу бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -