Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Шығыс Қазақстан облысындағы №22 мекемеде болды
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР ІІМ ҚАЖК №22 мекемесіне барды.
Уәкіл мекеменің аумағын және негізгі үй-жайларын қарап, асхана, кездесу бөлмелері, жатын орындарды аралады. Мекемеде шағымдарды беруге арналған электронды терминалдар орнатылған, олар арқылы сотталғандар тікелей уәкілетті органдарға өз шағымдарын немесе өтініштерін жолдай алады. Колонияның барлық аумағы бейнебақылау камераларымен жабдықталған.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сотталғандарды жеке қабылдады. Артур Ластаев олармен әңгімелесу барысында ішкі ахуал, тамақтану мен медициналық көмек көрсетілу барысын, қысым көрсету, азаптау, қатыгездік көрсету жағдайларының бар-жоғын сұрады.
Сондай-ақ, бас бостандығынан айыру және жазаны жеңілдету мәселелері бойынша бастамашыл топпен кездесу өткізді.
Артур Ластаев қазіргі уақытта Мемлекет басшысының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы «Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы» Жарлығын іске асыру аясында шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны неғұрлым жеңіл түрмен ауыстыру туралы арыздарды қарауға алқабилерді тартуды көздейтін пилоттық жобаны енгізу мәселесі көтерілгенін еске салды. Сондай-ақ ол Омбудсмен институты бұл бастаманы толық қолдайтынын жеткізді.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің жұмыс бағыттарының бірі - сотталғандардың құқықтарының сақталуын бақылау және азаптаулар мен қатыгездікпен күресу болып табылатынын атап өту керек.
Уәкіл жыл басынан бері еліміздің 4 облысында орналасқан 5 түзеу мекемесін аралап үлгерді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -