Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сотталған әйелдермен кездесті
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің №10 мекемесінде болды. Онымен бірге Балалар омбудсмені Динара Зәкиева да барды.
Бұл мекеме орташа қауіпсіздік санатына жатады, оның ішінде жас балалары бар аналар жазасын өтейді. Жалпы колонияда 600 тұтқын болса, оның үшеуі кәмелетке толмаған балалар. Бұл ретте мекемеде әйелдермен бірге 42 бала – 24 қыз және үш жасқа дейінгі 18 ұл бала бар.
Түзеу мекемесіне баарудың мақсаты – сотталғандардың жағдайларын бақылау және олардың құқықтарының сақталуын қадағалау.
Айта кетейік, сотталған әйелдерге балалары үш жасқа толғанға дейін балаларымен бірге болуға рұқсат етілген. Мекеме аумағында аналар балаларын бос уақытында шектеусіз көре алатын Балалар үйі жұмыс істейді.
Артур Ластаев пен Динара Зәкиева тұтқын әйелдермен жеке сөйлесіп, олардың қамаудағы жағдайын, балаларымен бірге уақыт өткізуге мүмкіндік берілген-берілмегендігін және оларға қатысты қатыгездік көрсету оқиғалары бар-жоғын сұрады.
Жеке қабылдау барысында Уәкіл Үкіметке сотталғандардың жоғары білім алуына мүмкіндік беру туралы ұсыныс енгізгенін айтты. Биыл Алматы қаласы мен Алматы облысында 2 мекемеде пилоттық жобаны іске асыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстанда 2025 жылы сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны жеңілдетілген түрге ауыстыру туралы өтініштерін қарау процесіне алқабилерді енгізуді көздейтін пилоттық жүйені іске асыру күтілетінін хабарлады.
Сондай-ақ Артур Ластаев биыл әйелдер құқығын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заң қабылданғанын атап өтті.
«Бүгін біз әйелдер, оның ішінде балалы аналар жазасын өтеп жатқан №10 мекемеде болдық. Кішкентай бейкүнә балалар аналарымен бірге отыруға мәжбүр. Сондықтан мұндай балалардың бостандықтағы жеткіншектермен салыстырғанда әлдеқайда қиын жағдайда. Сондықтан, олардың жай-күйіне бағытталған шарттарың қатаң сақталуын бағалау да қиын. Қуантары, бұл жердегі аналар балаларын кез-келген уақытта көре алады. Сонымен бірге, біз құқық қорғау институты ретінде өз тарапымыздан әйелдер мен балалардың құқықтарының сақталуына бар күш-жігерімізді салып жатырмыз. Ағымдағы жылдың сәуір айында елімізде әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған прогрессивті заң қабылданды», - деп атап өтті Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев.
Сондай-ақ, сапар кезінде Уәкіл аумақпен танысып, негізгі үй-жайларды, асхананы, медициналық бөлімді, қабылдау бөлмелерін, жұмыс орындарын аралап көрді, сотталғандардың балалары тәрбиеленетін Балалар үйіне де барды.
Бұл мекемеде жазасын өтеушілердің 60 пайыздан астамы жұмыспен қамтылған. Бірнеше кәсіпорын, соның ішінде наубайхана, тігін және сүт цехтары, саңырауқұлақтарға арналған компост және т.б. орналасқан.
Сонымен қатар, Уәкіл бірқатар сотталғандарды қабылдады, оларға құқықтары түсіндіріліп, заңгерлік көмек көрсетілді.
Естеріңізге сала кетейік, сотталғандардың құқықтарын қорғау Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі қызметі бағыттарының бірі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -