«AFM ONLINE» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ: ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ
Елордада Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен «АФМ online» конференциясы өтті. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен өткен ауқымды іс-шара қаржы пирамидаларын қалай тану, дропперлерге қарсы тұру, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және басқа да өзекті мәселелерге арналды. Пікірталасқа онлайн режимде еліміздің 35 жоғары оқу орнынан 20 мыңнан астам студент қатысты. Панельдік сессиялар барысында спикерлер, қаржы аналитиктері, қоғам қайраткерлері, депутаттар мен мемлекеттік органдардың өкілдері, белгілі блогерлер интернет-гигиена, алаяқтық жобаларды жарнамалағаны үшін жауапкершілік алу, әлеуметтік желілерде құқыққа қарсы контентті тарату, жастарды құқыққа қарсы қызметке тарту туралы пікір алмасты.
Бүгінгі таңда Агенттік интернетте заңсыз мазмұнды контентті іздеуді және бұғаттауды автоматтандырды. Қазірдің өзінде 10 мыңға жуық сайттар мен қаржы пирамидаларының белгілері бар аккаунттар бұғатталған. Агенттік Төрағасы Дмитрий Малаховтың айтуынша, ҚМА-ның негізгі міндеті – жас ұрпаққа қаржылық сауаттылық негіздерін түсіндіру. 2021 жылдан бастап Агенттік қаржы пирамидаларының өмірлік циклін және олардың салымшыларының санын қысқартуға бағытталған арнайы жоба жүргізіп келеді.
Бұдан басқа, атаулы жұмысты жүргізу үшін әлеуметтік желілер арқылы алаяқтық схемаларға тартылған салымшыларды ерте анықтау жүйесі жолға қойылған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгінгі күні 126 мың жазылушы алаяқтық схемаларды жарнамалайтын аккаунттардан бас тартты.
Іс-шара барысында ЖОО студенттері үшін әртүрлі алаяқтық схемалардың алдын алуға бағытталған үздік бейнероликке конкурс жарияланды. Жеңімпаздар қыркүйек айында анықталады. Ең көп дауыс жинаған бейнеролик авторы бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -