Қазақстандық ғылыми делегация Ватиканда Апостолдық архиві мен кітапхана басшыларымен кездесті: Астана қаласы, 27 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстандық ғылыми делегация Ватиканда Апостолдық архиві мен кітапхана басшыларымен кездесті

Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Ватикан Апостолдық архиві және Ватикан Апостолдық кітапханасы арасындағы 2022 жылы қол қойылған іскерлік-әріптестік келісімдерді жүзеге асыру мақсатында Қазақстаннан Ватиканға қазақстандық ғылыми делегациясы келді. Қазақстандық делегацияны Ватикан Апостолдық архивінің вице-префекті Доктор Паоло Виан (Dott. Paolo Vian) мен Ватикан архивінің ғылыми қызметкері, профессор Энрико Флайани (Prof. Enrico Flaiani) қабылдады. Бұл кездесуге Қазақстан тарапынан ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки, Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы, Қасиетті Тақтың жанындағы, Лихтенштейн Князьдігіндегі және Мальта Орденіндегі Елшісі Қайрат Саржанов, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Бас директоры, филол.ғыл.докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлы, ғылыми жоба жетекшісі, тарих ғыл.докторы, профессор, ҚР ҰҒА Құрметті академигі, белгілі ғалым Қалқаман Жұмағұлов, PhD, профессор Нұртас Абдимомынов, PhD, қытайтанушы Айнұр Әбиденқызы, аға ғылыми қызметкер Бағдат Дүйсеновтер қатысты.

Кездесуде ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки Ватикан кітапханасы мен архив қорларында сақталған құнды қолжазбаларды зерттеу арқылы түркі әлемінің бай тарихын тануға болатынын және оның маңыздылығын, сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл басында Италияға ресми сапары аясында Ватиканға барып, Рим Папасы Францискпен кездесу нәтижесінде қазақстандық ғалымдардың Ватикан мұрағаттары мен кітапханаларын пайдалану үшін келісімге қол жеткізгенін атап өтті.

Шығыстану институтының Бас директоры, профессор Дүкен Мәсімханұлы Екі елдің ғылыми мекемелері арасындағы ынтымақтастық қазақстандық ғалымдардың сирек кездесетін қолжазбаларға еркін қол жеткізуіне зор мүмкіндік береді және түркі әлемі мен Қазақстан тарихы туралы тың деректер ғылыми айналымға қосылады деп атап өтті.

Кездесу барысында вице-префект Доктор Паоло Виан мен профессор Энрико Флайани қазақстандық делегацияны ерекше ықыласпен қарсы алып, олардың ғылыми бастамаларын қолдауға дайын екенін білдірді. Қазақстан тарапынан ғылыми ізденіске бағытталған жаңа бастамаларға ыстық ықылас танытып, өзара қарым-қатынастар мен ғылыми, мәдени байланыстарды дамытуға дайын екенін жеткізді.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар