Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі 2024 жылғы 5 тамыздағы конкурс шеңберінде аудандық сот судьяларының жаңа бос жұмыс орындары туралы қосымша хабарландыру орналастырады
Жоғары Сот Кеңесі Регламентінің 53-тармағына сәйкес Жоғарғы Сот судьяларының, облыстық соттар алқаларының төрағалары мен судьяларының, аудандық соттар төрағаларының лауазымдарына конкурс қорытындыларын шығару жөніндегі Кеңес отырысынан кейін аудандық соттар судьяларының жаңа бос орындарының пайда болуы туралы қосымша хабарландыру орналастырылады.
Бұрын осы конкурсқа жіберілген үміткерлер, кемінде 5 жұмыс күні ішінде Жоғары Сот Кеңесіне конкурс жарияланған кезде болмаған жаңа лауазымдармен бастапқыда берген өтініштерін кеңейтуге ниет білдіргені туралы қосымша өтініш жібере алады.
Осыған байланысты, бұрын 2024 жылғы 5 тамыздағы конкурсқа жіберілген тұлғалар 2024 жылдың 3 желтоқсанды қоса алғанда Жоғары Сот Кеңесіне жаңа бос судьялық лауазымдарға өтініш беруге құқылы.
Бұл конкурс бұрын 2024 жылғы 5 тамыздағы конкурсқа жіберілген адамдарға ғана арналған және басқа адамдар оған қатыса алмайды.
Конкурсқа қатысу үшін 2024 жылы 3 желтоқсанды қоса алғанда Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының атына қолы мен күні қойылған қосымша өтініш ұсыну жеткілікті.
Қосымша өтініш Жоғары Сот Кеңесінің konkurs@vss.gov.kz электрондық мекенжайына ұсынылуы тиіс, өтініштің түпнұсқасы келесі мекенжайға жіберілу тиіс: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, № 1В кіреберіс, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі.
Анықтама үшін телефондар: 8(7172) 74-96-47, 75-03-09.
Барлығы: 89 бос лауазым.
Аудандық соттар судьяларының жаңадан ашылған бос лауазымдарының тізбесі (өту).
Қазақстан РеспубликасыныңЖоғары Сот Кеңесі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -