АГЕНТТІК ЕЛОРДАНЫҢ ЭНЕРГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАУШЫ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН 364 МЛН. ТЕҢГЕГЕ ҚОРҒАДЫ
Ағымдағы жылдың сәуір айында Агенттік «KEGOC» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) қатысты ұлттық электр желісі (бұдан әрі – ҰЭЖ) арқылы жабық кезеңде электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу үшін оларға қосымша шоттар қою арқылы Астана қаласының аумағында энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың (бұдан әрі – ЭЖҰ) құқықтары мен заңды мүдделеріне шектеу көрсетуде көрсетілген монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады.
Тергеп-тексеру барысында 2020 жылғы қазанда 2 қосымша энергия блогының іске қосылуына байланысты «Астана-Энергия» АҚ ТЭЦ-2 өндіретін бір бөлігі Қоғамға тиесілі «ЦГПП-Осакаровка» 220 кВ желісі арқылы Астана қаласының тұтынушыларына беріле бастағаны анықталды, бұл елорданың ЭЖО үшін қосымша шығындарға алып келді.
2022 жылғы ақпанда Қоғамның Филиалы - Ұлттық диспетчерлік орталық «Астана-АЭК» АҚ хатының негізінде (2021 жылғы шілдеден желтоқсанға дейінгі кезеңдегі баланс фактісін түзету туралы) ТЭЦ-2нің 14 келісімшарттық тұтынушысына 122,1 млн. кВтсағ көлемінде ҰЭТ бойынша ЭЭ көлемдерін қосымша бөлу жүргізілді және қосымша шот-фактуралар қойылды.
Бұл ретте, «Электр энергетикасы туралы» Заңның 12-бабының 9-тармағына сәйкес электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері (еск. атап айтқанда, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар) тиісті шарттарда көрсетілген тарифтер бойынша ЭЭ коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштеріне сәйкес есепті кезеңде (күнтізбелік айда) нақты тұтынылған ЭЭ көлемдерінің негізінде ҰЭЖ пайдалану жөніндегі қызметтерді және ҰЭЖ бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді төлеуге міндетті.
Бұдан басқа, ҰЭЖ бойынша ЭЭ беру бойынша қызметтер көрсетуге арналған үлгілік шарттың (бұдан әрі – Үлгілік шарт) 4-тарауының 13-тармағына сәйкес тараптар есепті айдан кейінгі күнтізбелік айдың бесінші күніне дейінгі мерзімде тиісті есептік кезеңде берілген электр энергиясы бойынша орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін ресімдейді, оған тараптармен (олар болған жағдайда) қол қойылады және мөрмен куәландырылады.
Осылайша, мұндай деректер жарты жылдық емес, ай сайынғы негізде қалыптасуы керек.
Осыған байланысты, Қоғам 2022 жылы 2021 жылғы шілде-желтоқсандағы нақты балансты түзетуді жүзеге асыруға және қосымша есептеулер жүргізуге заңды құқығы болмады.
Бұл жағдай ЭЖҰ құқықтарын бұзуға әкеп соқтырды, олардың Қоғамнан айырмашылығы жабық кезеңдегі заңнаманы бұзбай, өз тұтынушыларына түзетулер енгізбеді.
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының 2024 жылғы 11 қыркүйектегі қаулысымен Қоғам ҚР ӘҚБтК 159-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, шешім заңды күшіне енген жоқ.
Агенттік Қоғамның ЭЖҰ-ға қатысты талаптары бойынша сот талқылауларына қатысқанын атап өтеміз.
Мәселен, «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нен (150, 6 млн. теңге), «Энергокомпани-ПВ» ЖШС-нен (74, 5 млн. теңге) және «Самға Энерго» ЖШС-нен (40 млн. теңге) берешекті өндіріп алу туралы Қоғамның талап-арыз талаптарын қанағаттандырудан Мамандандырылған экономикалық сотымен (26, 28 шілде және 30 тамыздағы шешімдері заңды күшіне енген жоқ) - бас тартылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -