АГЕНТТІКТІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ DAMUMED-КЕ ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕУДІ АЯҚТАДЫ
Астана қаласы бойынша БҚДА департаменті «Даму «ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС-не қатысты DAMUMED кешенді медициналық ақпараттық жүйесіне қолжетімді ету және оны техникалық сүйемелдеу қызметтеріне монополиялық жоғары бағаларды белгілеу бойынша тергеп-тексеруді жүргізді.
Анықтама: DAMUMED бұл дәрігердің қабылдауына жазылу, үйге шақыру және медициналық құжаттарды қарау үшін медициналық ұйымға жылдам қол жеткізетін ақпараттық жүйе.
Тергеу қорытындысы бойынша 2020-2022 жылдары жоғарыда көрсетілген қызметтерге монополиялық жоғары бағаларды белгілеу фактілері анықталды.
DAMUMED қызметтердің түпкілікті құнында негізгі өндірістік қызметпен тікелей байланысты емес шығындарды негізсіз есепке алған. Аталған мән-жайлар Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабының 1) тармақшасының бұзылуына алып келді.
Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 23 ақпандағы шешімімен және Астана қаласының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 13 маусымдағы қаулысымен монополияға қарсы тергеу қорытындылары заңды деп танылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -