АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША АУҚЫМДЫ КӨРМЕ ӨТТІ
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Түркістан облысының мектеп бітіруші талапкерлеріне «Серпін» бағдарламасы бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын бастады. Түркістан облысындағы жоғары білім беру көрмесі 10-14 маусым аралығында өтеді.
Бүгін, 10 маусым күні, Ахмет Ясауи университетінде «Серпін» бағдарламасының гранты негізінде білім беру жүйелерімен таныстыру көрмесі ұйымдастырылды. Оған отандық 23 жоғары оқу орнының өкілдері қатысты.
Бағдарламаның мақсаты – халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру. Жоғары білім беру көрмесіне Түркістан қаласындағы 39 мектептен 1200-ден астам талапкер қызығушылық танытты.
Шара барысында ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев «Серпін» бағдарламасы жөнінде толық ақпарат беріп, Ұлттық бірыңғай тестілеу және гранттар тақырыбында сөз қозғады. Көрмеге Қазақстанның солтүстік, шығыс, батыс, орталық және Ақмола, Қостанай, Семей, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында орналасқан жоғары оқу орындарының өкілдері арнайы келіп, білім беру ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, факультеттер мен мамандықтар, оқу ақысы, шәкіртақы мәселелері сияқты маңызды сауалдарға жауап берді.
Биыл «Серпін» бағдарламасына мемлекеттен 3 903 грант бөлініп отыр. Оның 2500-ден астамы педагогикалық бағытта, 700-ге жуығы инженерия, өңдеу және құрылыс саласына, ал 300-ге жуығы IT-ге, 70-ке жуық грант ауыл шаруашылығы және биоресурстар бағытына бөлінген.
Бағдарламаға енгізілген өзгерістер де бар. Соның бірі – «Серпін» бағдарламасы түлектері үшін оқу аяқтаған соң грант өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға қысқартылып, өтеу орны 11 аймаққа ұлғайтылды.
Айта кетейік, 10 маусымда Түркістан қаласында бастау алған білім беру гранттары туралы ауқымды ақпараттық-түсіндіру Шардара (12 маусым), Жетісай (13 маусым) және Сарыағаш (14 маусым) аудандарында жалғасады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -