Алматыда Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауынгерлік дайындық бойынша нұсқаушыларының жиыны өтті
«Іле» оқу полигонында Алматы, Талдықорған және Қонаев гарнизондары сержанттарының оқу-әдістемелік жиыны аяқталды.
Бес күндік оқу-әдістемелік жиынға мамандық бойынша дайындық, әдістемелік және бақылау сабақтары кірді.
Нұсқаушылар атыс қаруы, қару-жарақ (БТР, «Арлан» БКМ), гранатомет және қол гранаталары, мергендік іс, тактикалық, медицина, байланыс және тау дайындығы секілді жеті бағыт бойынша оқудан өтті.
– Нұсқаушылардың білімі мен дағдыларын жетілдіруге, жеке құрамды оқытудың бірыңғай әдістемесін және мамандық бойынша оқытудың озық тәжірибесін игеруге басты назар аударылды, – деп нақтылады Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысы басқармасының сержанттық құраммен жұмыс жөніндегі бөлім нұсқаушысы 1-сыныпты сержант Рашид Бисенғалиев.
Жиын аяқталғаннан кейін қырықтан астам сержант жеке құрамды мамандықтар бойынша оқытуға рұқсат беретін сертификаттар алды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -