«Қалай судья болуға болады» тақырыбындағы өңірлік семинар туралы
Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері еліміздің жоғары оқу орындарының студенттерімен және профессор-оқытушылар құрамымен көшпелі кездесулер өткізуді жалғастыруда.
А.ж. 16 мамырда «Қалай судья болуға болады» тақырыбында семинар республиканың ірі және көпсалалы университеттерінің бірі - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өтті.
Кездесу аясында қатысушылардың назарына Кеңестің қызметі және жоспарланған бастамалар туралы ақпарат ұсынылды.
Сондай-ақ, Кеңес мүшелері білікті емтихан тапсыруға қойылатын негізгі талаптар және судьялық лауазымдарға конкурстық іріктеуден өту кезеңдері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің баспасөз қызметінің суреті
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -