«ALAN ТАУАР БИРЖАСЫ» АҚ ЛИЦЕНЗИЯСЫ БІР АЙҒА ТОҚТАТЫЛДЫ
Алматы қаласы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Департаментінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі (әрі қарай – Департамент) қаулысымен «Alan» тауар биржасы» АҚ лицензияланатын қызмет түрлері белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмегені үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 464-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осыған байланысты биржаға айыппұл салынып, лицензиясының қолдануын бір ай мерзімге тоқтата тұру түрінде әкімшілік жаза қарастырылды.
2024 жылғы 13 мамырда Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық соты (әрі қарай – сот) тауар биржасының шағымын қанағаттандырылмай, Департаменттің шешімі өзгеріссіз қалды.
2024 жылғы 13 маусымда тауар биржасының апелляциялық шағымын қарау нәтижелері бойынша Алматы қалалық соты Департамент пен соттың шешімін растап, оны өзгеріссіз қалдырды.
Көрсетілген сот шешімдерінің негізінде Агенттік тауар биржасының 2023 жылғы 22 маусымдағы № KZ34LDU00004224 лицензиясының қолданылуын бір ай мерзімге тоқтатты.
Агенттік «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 2-тармағына сәйкес лицензиаттардың немесе екінші санаттағы рұқсаттардың иелерінің жүзеге асыруға рұқсаттар мен оларға қосымшалар берілген қызметтің немесе әрекеттердің (операциялардың) жекелеген түрлерін (кіші түрлерін) жүзеге асыруына осы рұқсаттардың қолданысы тоқтатыла тұрған кезде жол берілмейтінін еске салады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -