АЛМАТЫДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
2024 жылғы 30 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің төрағалығымен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының Үйлестіру кеңесінің IV отырысы өтті. Іс-шараға Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының делегациялары және ҰҚШҰ Хатшылығының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында тәжірибе алмасу және ғылыми ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы қаралды. Ұлттық делегациялардың басшылары өзара іс-қимыл перспективалары туралы пікір алмасты. Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша тараптар халықаралық деңгейде өзара іс-қимыл жасау қажеттігін растады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -