Алматыда Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай спорттық турнир өтті: Астана қаласы, 24 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Алматыда Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай спорттық турнир өтті

Алматыда Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған “SAGADAT BATYR OPEN” AIGA грэпплингінен халықаралық турнир өтті.

Оған Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан спортшылары қатысты.

Турнирді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының іс-шараларын орындау шеңберінде ұйымдастырды.

Ішкі істер министрлігі атынан есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов сөйледі.

Жалпы турнир спортшылар мен жаттықтырушыларды, жанкүйерлер мен салауатты өмір салтын ұстанатын адамдарды біріктірді. Қатысушылар зиянды әрекеттерден аулақ қоғам құрып, бұқаралық спортты көпшілік арасында насихаттау қажеттігін атап өтті.

Шараның негізгі мақсаты – спорт арқылы жастар мен балалар арасында есірткіге, нашақорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру.

– Бүгінгі жарыс адам денсаулығы мен әл-ауқаты бірінші орында болатын салауатты орта қалыптастыруға арқау болсын, – деді ІІМ өкілі.

Жеңімпаздар “Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні” деген арнайы белгісі бар медальдармен марапатталды.

Ақпарат көзі: Министерство внутренних дел Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Алматыда Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған “SAGADAT BATYR OPEN” AIGA грэпплингінен халықаралық турнир өтті.

Оған Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан спортшылары қатысты.

Турнирді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының іс-шараларын орындау шеңберінде ұйымдастырды.

Ішкі істер министрлігі атынан есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов сөйледі.

Жалпы турнир спортшылар мен жаттықтырушыларды, жанкүйерлер мен салауатты өмір салтын ұстанатын адамдарды біріктірді. Қатысушылар зиянды әрекеттерден аулақ қоғам құрып, бұқаралық спортты көпшілік арасында насихаттау қажеттігін атап өтті.

Шараның негізгі мақсаты – спорт арқылы жастар мен балалар арасында есірткіге, нашақорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру.

– Бүгінгі жарыс адам денсаулығы мен әл-ауқаты бірінші орында болатын салауатты орта қалыптастыруға арқау болсын, – деді ІІМ өкілі.

Жеңімпаздар “Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні” деген арнайы белгісі бар медальдармен марапатталды.

Аймақтағы жаңалықтар