Алматыда таудағы қауіпсіздік шаралары талқыланды: Астана қаласы, 03 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Алматыда таудағы қауіпсіздік шаралары талқыланды

Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қалалық ТЖД өкілдері қауіпсіздік шаралары және тауда құтқару операцияларын қамтамасыз ету туралы айттты.

Алматы қаласы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы Денис Ярцев құтқару бөлімшелерінің құрамы мен жабдықталуы туралы ақпаратпен бөлісті.

Спикердің айтуынша, Алматыда екі негізгі құтқару жасағы -ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы (РЖҚЖ) және қала әкімдігінің құтқару қызметі жұмыс істейді. Олардың жалпы құрамы 308 адамнан және 447 техникадан тұрады, оның ішінде үш тікұшақ бар. Күн сайын 7 бірлік техникасы және 6 қызметтік иті бар РЖҚЖ-ның 42 қызметкері, сондай-ақ 5 бірлік техникасы және 13 иті бар 14 құтқару қызметінің қызметкері кезекшілікте болады.

Сондай-ақ ол «Құтқарушылар мен жолсеріктерді тауға даярлау орталығы», «Лидер KZ» және Альпинизм федерациясы сияқты еріктілер ұйымдарымен маңызды өзара іс-қимыл барын атап өтті. Бүгінгі таңда спортшыларды, альпинистерді және квадрокоптерлер мен жол талғамайтын көліктердің иелерін қосқанда 258 құтқарушы еріктілер тіркелген.

«112» желісіне қоңырау түскен кезде Төтенше жағдайлар басқармасы іздеу-құтқару жұмыстарына тартылатын еріктілер ұйымдарымен өзара іс–қимылды ұйымдастырады», - деді спикер.

Таулы аумақтардың шалғай учаскелерінде қауіпсіздікті арттыру үшін 2021 жылғы қарашада әкімдік туристердің алғашқы көмек кезінде қажет апаттық жинақтарын таба алатын 18 тау саятшылығын орнатты: онда алғашқы медициналық көмек қобдишалары, зарядтау станциялары, жылы көрпелер және азық-түлік жиынтықтары бар. Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарында қосымша бақылау-құтқару пункттері (БҚП) жұмыс істейді, ал 2025 жылы Бутакова шатқалында тағы бір пункт орнату жоспарлануда.

Құтқарушылар төтенше жағдайларға жедел әрекет ету үшін әкімдіктің құтқару қызметінде 4 мотовездеход, 2 қарда жүретін көлік және басқа да техника бар екенін атап өтті.

«2024 жылдың тоғыз айында 210 іздеу-құтқару операциясы жүргізілді, оның 208-і тауда. Нәтижесінде 396 адам, оның ішінде 59 бала құтқарылды», - деп қорытындылады ТЖД өкілі Денис Ярцев.

Ақпарат көзі: Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар