Алматыда өтетін Ауғанстан тауарлары көрмесінен не сатып алуға болады?
АУҒАНСТАНДЫҚ ҚОЛӨНЕР КІЛЕМДЕРІ
Ауғанстан кілемдерінің ерекшелігі – әр кілемдегі өрнектер, түстер мен текстуралар ел тарихынан сыр шертеді. Бұл нағыз өнер туындылары болып табылады.
Жыл сайын Ауғанстанда шамамен бір миллион кілем тоқылады. Осылайша бұл ел қолөнер кілемдерін өндіруші ең ірі елдердің біріне айналуда. Өндірілген өнімнің 80%-дан астамы шетелге экспортталады. Ауғанстандық кілемдерді негізінен Еуропа елдері, Таяу Шығыс, АҚШ және Канада сатып алады. 2023 жылы кілемдердің жалпы экспорты шамамен 180 миллион АҚШ долларын құрады.
Ауғанстандық кілемдер әлемдегі ең қымбат кілем болып саналады. Коллекционерлердің назарын аударатын ең танымал кілем – «Фарси Бахар». Бұл кілем күрделі дизайны, сирек табиғи бояғыштардың қолданылуы және ою-өрнектердің керемет детальдарымен әйгілі.
Ауғанстандық кілемдердің ерекшелігі – олардың беріктігі мен төзімділігінде. Әр кілем қой жүнінен қолмен тоқылады, бұл ең сапалы материалдардың бірі болып саналады. Ол табиғи жұмсақтыққа, жылуға және ұзақ сақталатын қасиетке ие. Кілемдер көбінесе табиғи бояғыштармен боялып, түстері қанық болады. Үлкен 3x4 м кілемін бір шебер орта есеппен алты ай тоқиды.
Ауғанстандағы қазіргі кілем тоқу өнері елдегі барлық қиындықтарға қарамастан дамып жатыр. Кілемдер тек мәдени мұра ғана емес, сонымен қатар мыңдаған отбасының табыс көзі болып табылады.
Өтетін орны:
Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 42, «Атакент» көрме орталығы.
Жұмыс уақыты:
20 қазан сағат 15:30-18:00.
21 қазан сағат 10:00-17:30.
22 қазан сағат 10:00-17:30.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -