Алматы облысында кәсіпкер балалар үйіне ӘМАТ-ті 153% үстемеақымен жеткізген: Астана қаласы, 21 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Алматы облысында кәсіпкер балалар үйіне ӘМАТ-ті 153% үстемеақымен жеткізген

Алматы облысының Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығында ӘМАТ-ты жоғары бағамен сатып алу фактілері анықталды. Қазіргі таңда орталықта 120-дан астам кәмелетке толмаған бала тәрбиеленуде.

Агенттікпен анықталғандай жеткізуші нанды 140 теңгеден сатып алып, оны балалар үйіне 354 теңгеден (153% үстемақымен) жеткізген.

Сондай–ақ, ол қарақұмық жармасын – 145% (281 тг/кг алып, 687 тг/кг сатқан), күнбағыс майы - 63% (600 тг/л алып,  977 тг/л сатқан), қант – 38% (350 тг/кг алып, 480 тг/кг сатқан) үстемеақымен жеткізген.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесінің мөлшері 15%-дан аспауы тиіс.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жеткізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал Орталықпен жасалған ӘМАТ-ты жеткізу шарты 1,3 млн теңгеге төмендету бағытында қайта қаралды.

Сондай-ақ, Агенттік қабылдаған шаралар нәтижесінде өңірдің бірқатар балабақшалары жеткізушілермен сатып алу бағасын 3,9 млн теңгеге төмендете отырып, қосымша келісімдер жасасты.

Қаржылық мониторингі агенттігі «AФM Insider» телеграм ботына экономикалық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлау мүмкіндігін еске салады.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Алматы облысының Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығында ӘМАТ-ты жоғары бағамен сатып алу фактілері анықталды. Қазіргі таңда орталықта 120-дан астам кәмелетке толмаған бала тәрбиеленуде.

Агенттікпен анықталғандай жеткізуші нанды 140 теңгеден сатып алып, оны балалар үйіне 354 теңгеден (153% үстемақымен) жеткізген.

Сондай–ақ, ол қарақұмық жармасын – 145% (281 тг/кг алып, 687 тг/кг сатқан), күнбағыс майы - 63% (600 тг/л алып,  977 тг/л сатқан), қант – 38% (350 тг/кг алып, 480 тг/кг сатқан) үстемеақымен жеткізген.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесінің мөлшері 15%-дан аспауы тиіс.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жеткізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал Орталықпен жасалған ӘМАТ-ты жеткізу шарты 1,3 млн теңгеге төмендету бағытында қайта қаралды.

Сондай-ақ, Агенттік қабылдаған шаралар нәтижесінде өңірдің бірқатар балабақшалары жеткізушілермен сатып алу бағасын 3,9 млн теңгеге төмендете отырып, қосымша келісімдер жасасты.

Қаржылық мониторингі агенттігі «AФM Insider» телеграм ботына экономикалық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлау мүмкіндігін еске салады.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар