Антикор «Astana LRT» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасын жауап алуға шақырады: Астана қаласы, 23 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Антикор «Astana LRT» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасын жауап алуға шақырады

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Astana LRT» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты қылмыстық істі тергеуде.

Қазіргі уақытта тергеу нәтижесінде ауыр қылмыс жасауда жиналған дәлелдер күдікті Т. Ардан әрекеттерін ҚР Қылмыстық Кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша саралауға мүмкіндік берді.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 208-бабы 1-бөлігіне сәйкес күдікті жауап алуға шақырылады.

Алайда, күдікті Т. Ардан Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуына және келуден жалтаруына байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ҚПК-нің 205-бабының 3-бөлігін басшылыққа ала отырып, күдіктіні шақыру туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

Жауап алу және күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны жариялау үшін Т. Ардан 2024 жылы 23 тамызда сағат 09:00-де Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, «Б» блогы мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әкімшілік ғимаратына жедел-тергеу тобының басшысы Ж. Өтепқалиевке келу қажет.

Күдікті тергеу әрекеттеріне қатысу үшін қорғаушыны дербес шақыруға не қылмыстық процесті жүргізуші органның қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету туралы өтінішхат беруге құқылы (ҚР ҚПК 68-бабы).

Егер қорғаушыны күдікті немесе оның заңды өкілдері, сондай-ақ олардың тапсырмалары бойынша басқа адамдар шақырмаса, қорғаушының қатысуын қылмыстық процесті жүргізетін орган қамтамасыз етеді (ҚР ҚПК 67-бабы).

ТЕЛЕАРНАЛАР ҮШІН ВИДЕО: https://disk.yandex.kz/d/j1JZ--KkjKkjrA

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.

Ақпарат көзі: Агентство Республики Казахстан по противодействию коррупции

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Astana LRT» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты қылмыстық істі тергеуде.

Қазіргі уақытта тергеу нәтижесінде ауыр қылмыс жасауда жиналған дәлелдер күдікті Т. Ардан әрекеттерін ҚР Қылмыстық Кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша саралауға мүмкіндік берді.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 208-бабы 1-бөлігіне сәйкес күдікті жауап алуға шақырылады.

Алайда, күдікті Т. Ардан Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуына және келуден жалтаруына байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ҚПК-нің 205-бабының 3-бөлігін басшылыққа ала отырып, күдіктіні шақыру туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

Жауап алу және күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны жариялау үшін Т. Ардан 2024 жылы 23 тамызда сағат 09:00-де Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, «Б» блогы мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әкімшілік ғимаратына жедел-тергеу тобының басшысы Ж. Өтепқалиевке келу қажет.

Күдікті тергеу әрекеттеріне қатысу үшін қорғаушыны дербес шақыруға не қылмыстық процесті жүргізуші органның қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету туралы өтінішхат беруге құқылы (ҚР ҚПК 68-бабы).

Егер қорғаушыны күдікті немесе оның заңды өкілдері, сондай-ақ олардың тапсырмалары бойынша басқа адамдар шақырмаса, қорғаушының қатысуын қылмыстық процесті жүргізетін орган қамтамасыз етеді (ҚР ҚПК 67-бабы).

ТЕЛЕАРНАЛАР ҮШІН ВИДЕО: https://disk.yandex.kz/d/j1JZ--KkjKkjrA

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.

Аймақтағы жаңалықтар