⚡️ Антикор білім беру саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жүйелі шаралар қабылдауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі білім беру саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.
Мәселен, 2023-2024 жылдары бюджет қаражатын мақсатсыз пайдаланумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауда 24 балабақша меңгерушісі әшкереленді, келтірілген залал сомасы 171,4 млн теңгені құрады.
Осы саладағы жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімдіктермен бірлесіп мектепке дейінгі мекемелерде жемқорлық факторларын болдырмауға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйелерді енгізу жөніндегі жобаларды іске асыруда.
Мысалы, Алматы және Қызылорда облыстарында балалардың қатысуын есепке алу процестерін автоматтандыру мақсатында жан басына шаққандағы қаржыландыру жүзеге асырылатын электрондық табельді қалыптастыра отырып, биометриялық сәйкестендіру және QR-код тетіктері пайдаланылады.
Қабылданған шаралар жалған балабақшалар құрудың алдын алуға, мектепке дейінгі мекемелерге іс жүзінде бармайтын балаларды тіркеуден шығаруға және бюджет қаражатының шамамен 3,8 млрд теңгесін үнемдеуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, Білім министрлігі Шымкент, Тараз және Түркістан қалаларында мектепке дейінгі мекемелерді ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасын іске асыруда.
Тараз қаласында бұл жоба балаларды балабақшаларға қабылдау процесін автоматтандыруға, ваучер алу кезегін нөлге дейін қысқартуға, балабақшаларға іс жүзінде бармайтын 9 000-ға жуық баланы анықтауға және екі айда 600 млн теңге бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді.
Ағымдағы жылдың 21 қазанында жедел кеңесте Агенттік Төрағасы осы бағыттағы жұмысты масштабтауды, оның ішінде Білім министрлігі іске асырып жатқан пилоттық жобаны сүйемелдеуге алуды тапсырды.
_
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз.Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -