Антикор Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңге жымқырды деген күдікпен елорда тұрғынына қатысты тергеуді аяқтады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша астананың «Г» тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
Ол аса ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталуға Қ. Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемдену бойынша күдікке ілінді.
Сонымен қатар күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу бойынша сараланған.
Оған қатысты «Қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы тағайындалды.
Тергеу аяқталды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу жүргізіліп жатыр.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -