⚡️ Антикор Төрағасы Қатар Мемлекетінің Елшісімен кездесті: Астана қаласы, 02 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

⚡️ Антикор Төрағасы Қатар Мемлекетінің Елшісімен кездесті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тұрақты негізде халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру бойынша жұмыс жүргізеді.

Ағымдағы жылдың ақпанында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатарға жұмыс сапары барысында екіжақты ынтымақтастықты дамытуға, оның ішінде жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Осы мақсатта екі тараптың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволары «Парасаттылық пен ашықтықты ілгерілету жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға» қол қойды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың маусым айында Әкімшілік Бақылау және Ашықтық Басқармасының басшысы Хамад Бин Насер Рашид Аль-Мисснад мырза бастаған Қатардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство делегациясының Қазақстанға сапары өтті, оның барысында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен Жол картасына қол қойылды.

Бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары ретінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік аппаратта парасаттылық қағидаттарын енгізу бойынша шаралар қабылдау болып белгіленді.

Аталған құжаттарға қол қою өзара ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

Ағымдағы жылдың 28 тамызында Астанада Агенттік Төрағасы Асхат Жұмағалидің Қатар мемлекетінің ҚР-дағы Елшісі Абдулла Хусейн Джабермен кездесуі өтті.

Іс-шара барысында тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласы бойынша алдағы мәселелерін талқылады.

Джабер мырза Қатар мемлекетінің Әкімшілік Бақылау және Ашықтық Басқармасының басшысы Хамад Бин Насер Рашид Аль-Мисснадтың атынан 2024 жылғы қарашада Доха қаласында өтетін ИЫҰ-ға мүше елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарының Екінші Министрлік отырысына Асхат Жұмағалиді шақырды.

Асхат Жұмағали шақырту үшін ризашылығын білдіріп, Қатар мемлекетімен байланысты нығайтудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Қазақстан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) 1995 жылғы желтоқсаннан бастап ұйымға мүшелігінің маңыздылығын атап өтіп, еліміз оның бастамаларына белсенді қолдау көрсетеді және қатысады. Бұл ынтымақтастық елдер арасындағы байланысты нығайтуда шешуші рөл атқарады»,

- деді Агенттік Төрағасы.

Кездесу қорытындысы бойынша Асхат Жұмағали Қатардың жемқорлыққа қарсы бірлескен күш-жігерге деген бастамасы мен міндеттемесін жоғары бағалады және ИЫҰ шеңберінде де, екіжақты негізде де жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Ақпарат көзі: Агентство Республики Казахстан по противодействию коррупции

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар