Армия спортшылары таеквондодан Азия чемпиондары атанды
Индонезияда өткен таеквондодан Азия құрлығының ашық біріншілігінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының өкілдері екі алтын, бір күміс және бір қоланы медаль жеңіп алды.
Турнирге 22 елден 300-ден астам спортшы қатысты.
63 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Самирхон Абабакиров пен 87 келіде өнер көрсеткен Қабан Бейбарыс алтыннан алқа тағынды.
ҚР Қарулы күштерінің қызметшісі Жарас Әлімжанов (63 келі) күміс жүлдегер атанса, қола жүлдені енді бір әскер спортшысы Бауыржан Хасенов (87 келіден астам) иеленді.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан ұлттық құрамасы Пәкістан командасынан кейін екінші орынға жайғасты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -