Армия спортшысы Өзбекстанда дзюдодан CISM әлем чемпионатында чемпион атанды
Ташкентте әскери қызметшілер арасында дзюдодан өтіп жатқан әлем біріншілігінде Армия орталық спорт клубының спортшылары "алтын", "күміс" және екі "қола" иеленді.
60 келіге дейінгі салмақта финалдық жекпе-жекте қазақстандық дзюдошылар ефрейтор Нұрқанат Серікбаев пен ҚР Қарулы Күштерінің қызметкері Шерзод Давлатов қызыл кілемге шықты.
Екі спортшы да жоғары деңгейде күресті. Қосымша уақытта ғана жеңімпаз анықталды.
Нәтижесінде ефрейтор Нұрқанат Серікбаев чемпион, ҚР Қарулы күштерінің қызметкері Шерзод Давлатов күміс жүлдегер атанды.
Әлем чемпионатының қола жүлделерін дзюдошылар – ҚР Қарулы күштерінің қызметкерлері Жанарыс Рахметқали (66 келі) мен Бақытжан Әбдірахманов (73 келі) еншіледі.
Естеріңізге сала кетсек, турнирге 29 елден 214 дзюдошы қатысып жатыр. Жарыс 18 қазанға дейін жалғасады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -