Артур Ластаев: Қазақстанның азаптаумен күрестегі саясаты халықаралық міндеттемелерге толық сәйкес келеді
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев «Адам өлшемі» атты Варшава конференциясына қатысып, Қазақстанда демократияны дамыту мен адам құқықтарын қорғаудың негізгі мәселелері туралы баяндама жасады.
Уәкіл өз сөзінде азаптаумен күрес, сотталғандардың құқықтары, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және халықаралық жалған ақпаратпен байланысты сын-қатерлер сияқты маңызды тақырыптарды қозғады.
Баяндамадағы өзекті тақырыптардың бірі азаптаумен күрес болды. Артур Ластаев Қазақстанның бұл мәселедегі саясаты елдің халықаралық міндеттемелеріне толықтай сәйкес келетініне сендірді.
«Қазақстан - азаптауларға мүлдем төзбеушілік саясатын ұстанатын демократиялық мемлекет. 2022 жылғы қайғылы оқиғалардан кейін Президент азаптауға қарсы нақты шаралар қабылдады. Нәтижесінде біздің соттар бұрынғы құқық қорғау органдарының 47 қызметкеріне үкім шығарды», - деді ол.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мемлекет заң үстемдігі мен құқық қорғау органдарының жауапкершілігін қамтамасыз етуге баса назар аударып отырғанын ерекше атап өтті. Ешқандай қылмыс жүйені реформалау және Қазақстандағы демократиялық үдерістерді нығайту жөніндегі күш-жігерге кедергі келтірмеуі керек.
Артур Ластаевтың Варшава конференциясында сөйлеген сөзі ішкі және сыртқы сын-қатерлерге қарамастан, адам құқықтарын, демократиялық даму мен құқықтық тәртіпті қорғауға ұмтылатын мемлекет ретінде Қазақстанның ұстанымын нығайтудағы маңызды қадам болды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -