Артур Ластаев ТМД Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының отырысына қатысты
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев ТМД Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының кезекті отырысына онлайн режимде қатысты. Іс-шара Санкт-Петербург халықаралық заң форумы аясында өтті. ТМД Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері кіреді. Бұл жолы отырыстың күн тәртібіне адам құқықтары мен бостандықтарын, соның ішінде еңбек мигранттарының құқықтарын қорғау саласындағы 10-нан астам мәселе енгізілді.Отырыста ТМД Адам құқықтары жөніндегі комиссиясына мүше мемлекеттердегі мигранттардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді талдау нәтижелері қаралып, оларды зерделеу бойынша бірлескен жұмыс топтарын құру мәселелері талқыланды.Артур Ластаев өз сөзінде Қырғыз Республикасы Омбудсменінің баяндамасында көтерілген бірқатар мәселелерге түсініктеме берді. Сонымен қатар, тұрғылықты жері жоқ бірақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын мигранттар мен көршілес елдерден келіп, рұқсатнамасыз жұмыс жасап жүрген студенттерге қатысты жағдайларды Ұлттық орталық назарға алғанын атап өтті.Сондай-ақ, Уәкіл ЕАЭО елдері азаматтарының шарттар негізінде рұқсат құжаттарынсыз еңбек ету құқығына қарамастан, іс жүзінде жұмыс берушілер салық төлегісі келмейтінін, ал тіркеу немесе білім туралы құжаттары болмағандықтан еңбек мигранттары осындай оңайлатылған формаға келісетінін айтып, жұмыс берушілер мен мигранттар арасындағы еңбек қатынастары проблемасына назар аударды. Бұл мигранттардың толық еңбекақы, демалыс, әлеуметтік кепілдіктер алу құқығын бұзады. Кездесу барысында Уәкіл адам саудасы тақырыбына тоқталды.«Қазақстан әр түрлі елдердің, соның ішінде Қырғызстан, Беларусь, Өзбекстан және Тәжікстанның тәжірибесін зерттей келе, адам саудасына қарсы күрес жөніндегі арнайы заң қабылдау туралы маңызды және дұрыс шешімдердің біріне келді. Аталған жағдайлармен алдағы уақытта да тиімді күресу үшін БҰҰ-ның Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымы ұсынған Ұлттық баяндамашы институтын және Адам саудасының құрбандарын қайтарудың ұлттық тетігін құру бастамасы маңызды», - деді Артур Ластаев.Уәкіл өз сөзінде мәртебесіне қарамастан әрбір адамның қоғам алдындағы міндеттері бар екенін, соған сәйкес басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін заңмен белгіленген шектеулерге назар аудару керектігін баса айтты.Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар қабылданды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -