Қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізіледі
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қаруландыруға қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.
Нормативтік құқықтық акт «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» ҚР Заңының 22-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Осы бұйрық арқылы сұрау салу бойынша ұсынылған оң пікірлер, сынақ актілері немесе тәжірибелік әскери пайдалану нәтижелері (ол жүргізілген жағдайда) негізінде бір мемлекеттік органда қару-жарақ пен әскери техниканы жарақ құрамына қабылдау мүмкіндігіне жол беріледі.
Бұл жаңашылдық бөлімше басшысын – тапсырыс берушіге әскери тәжірибеде қолдану мерзімдерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл ретте барлық қажетті тексерулерді қамти отырып, экономикалық мақсатқа сай болу мәселелері де ескеріледі.
Оған қоса, құжатқа тұжырымдамалық аппаратқа қатысты кейбір редакциялық түзетулер енгізілмек.
Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 23 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15332001 сілтемесі бойынша танысуға болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -