Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Абай облысының тұрғындарымен кездесу өткізді
ҚР Президентінің тапсырмасын іске асырудағы Қазақстандағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, бюджет саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, Абай облысының тұрғындарымен ашық диалог құрды.Кездесу барысында Дәурен Темірбеков:
- ҚР жаңа Бюджет кодексінің әзірлеудегі негізгі бағыттар туралы;- Абай облысының Халық қатысатын бюджетті іске асыру және «Ұлттық қор- балаларға» жобасы жөнінде баяндама жасады.Бұдан басқа, 2024 жылы республикалық бюджеттен Абай облысын дамытуға бөлінген қаражат айтылды.Жергілікті халық өздерін толғандырған өзекті мәселелерін ортаға салып, вице-министрге өз ұсыныстарын жеткізді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -