Астана мен Рим стратегиялық әріптестіктің 15 жылдығында диалогты нығайтуда: Астана қаласы, 03 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Астана мен Рим стратегиялық әріптестіктің 15 жылдығында диалогты нығайтуда

Астана, 2024 жылғы 29 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Италия Республикасы Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары Эдмондо Чириеллимен келіссөздер өткізді.

Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы қаңтарда Италияға ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы талқыланды.

Сонымен қатар тараптар «Орталық Азия + Италия» диалогы аясында, сондай-ақ халықаралық ұйымдар алаңында өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.

Ә. Қуантыров Италия Қазақстанның Еуропа одағындағы ең ірі сауда әріптесі екенін хабарлады. Қазақ дипломаты Э. Чириеллидің елордамызға сапары аясында өткен Экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастық пен алмасу жөніндегі Қазақстан-Италия үкіметаралық жұмыс тобының 9-шы отырысының сәтті өткенін ризашылықпен атап өтті.

Өз кезегінде италиялық дипломат Римнің Астанамен стратегиялық әріптестікке дәстүрлі түрде жоғары мән беретінін растады. Атап айтқанда, «Sogesid» компаниясының Арал теңізі аймақтарын әлеуметтік-экологиялық жаңғыртуға бағытталған жобасы туралы хабардар етті.

Осыған орай Сыртқы істер министрінің орынбасары италиялық тараптың ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, көлік, жоғары білім, су ресурстары және энергетика салалар бойынша жұмыс топтарының кездесулерін көздейтін Орталық Азия мен Италия арасында білім алмасу желісін құру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу жөніндегі бастамасын құптады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Италия стратегиялық әріптестігінің барлық спектрін нығайтуға бағытталған көпқырлы диалогты жалғастыруға келісті.

Анықтама: Италия – Қазақстанның ЕО-дағы ең ірі экономикалық серіктесі. 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте тауар айналымы 16 млрд АҚШ долларын (экспорт – 15,1 млрд, импорт – 900 млн) құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (11,7 млрд доллар) 36%-ға жоғарылады. 2005 жылдан бастап 2024 жылдың II тоқсанына дейін Италиядан Қазақстанға инвестициялар көлемі 7,6 млрд доллар құрады. Қазақстанда итальяндық капиталдың қатысуымен 278 заңды тұлға тіркелген.

Ақпарат көзі: Министерство иностранных дел Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар