«Астана» олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы сотталды
Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы Б. Қамзаевқа қатысты үкім шығарды.
Ол өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алаяқтыққа әрекет жасағаны және «Елгеқамқор» ҚБ өкілін жасалған мемлекеттік сатыпалу туралы шарт шеңберінде орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны, РМҚК лауазымды адамдарына 600 мың теңге сомасында пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.
Оған 12 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -