Астана полицейлері синтетикалық есірткі тасушылардың жолын кесті: Астана қаласы, 05 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Астана полицейлері синтетикалық есірткі тасушылардың жолын кесті

Астана полицейлері синтетикалық есірткі тасушылардың жолын кесті

Астана полицейлері синтетикалық есірткі тасушылардың жолын кесті

    “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында елордалық полиция қызметкерлері Астана қаласы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, Астана – Павлодар тас жолындағы бақылап-өткізу пунктінде 23 жастағы жолаушысымен 37 жастағы азамат басқарған Chevrolet Cobalt автокөлігін тоқтатқан.

    Көлік салонын тінту кезінде жолаушылар отырғышының астынан арнайы иісі бар түйір консистенциялы ашық түсті заты бар екі пластик пакет, пышақ және 2 телефон табылған. Сарапшының қорытындысына сәйкес, зат салмағы шамамен 2 келі болатын “Альфа – PVP” есірткі заты болып шықты. Анықтай келгенде, олардың Павлодарға тыйым салынған заттарды тасымалдап жүргені және есірткі заттарды тарататын интернет-дүкендердің курьерлері екені анықталды.

     Осы факті бойынша аса ірі көлемде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 



Ақпарат көзі: Министерство внутренних дел Республики Казахстан


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>    “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында елордалық полиция қызметкерлері Астана қаласы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, Астана – Павлодар тас жолындағы бақылап-өткізу пунктінде 23 жастағы жолаушысымен 37 жастағы азамат басқарған Chevrolet Cobalt автокөлігін тоқтатқан.</p> <p>    Көлік салонын тінту кезінде жолаушылар отырғышының астынан арнайы иісі бар түйір консистенциялы ашық түсті заты бар екі пластик пакет, пышақ және 2 телефон табылған. Сарапшының қорытындысына сәйкес, зат салмағы шамамен 2 келі болатын “Альфа – PVP” есірткі заты болып шықты. Анықтай келгенде, олардың Павлодарға тыйым салынған заттарды тасымалдап жүргені және есірткі заттарды тарататын интернет-дүкендердің курьерлері екені анықталды.</p> <p>     Осы факті бойынша аса ірі көлемде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.</p> <p> </p>

Аймақтағы жаңалықтар