«АСТАНА» ТАУАР БИРЖАСЫ» АҚ ЛИЦЕНЗИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАНУЫН ТОҚТАТА ТҰРУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ: Астана қаласы, 15 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«АСТАНА» ТАУАР БИРЖАСЫ» АҚ ЛИЦЕНЗИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАНУЫН ТОҚТАТА ТҰРУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ

Бұдан бұрын 2024 жылғы 14 наурызда Агенттіктің Астана қаласы бойынша департаментімен «Астана» Тауар биржасы» АҚ-ға (бұдан әрі – Тауар биржасы) лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеу фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК)  464-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

* Анықтама: ӘҚБтК 464-бабының 1-бөлігінің санкциясы рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе онсыз қосымша әкімшілік жаза қолдану арқылы айыппұл қолдануды көздейді.

Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының (бұдан әрі – ӘҚБМАС) 2024 жылғы 8 сәуірдегі қаулысымен Тауар биржасы ӘҚБтК 464-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл салумен және лицензияның қолданылуын бір ай мерзімге тоқтата тұру түріндегі қосымша әкімшілік жаза қолданумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2024 жылғы 2 мамырда апелляциялық сатыда Тауар биржасының ӘҚБМАС қаулысына шағымын қарау нәтижелері бойынша Астана қаласы сотының қаулысымен шағым қанағаттандырусыз, ал ӘҚБМАС қаулысы өзгеріссіз қалдырылды.

Осыған орай, жоғарыда көрсетілген сот актілерінің негізінде Агенттік Тауар биржасының 2022 жылғы 25 қарашадағы № KZ85LDU00003015 тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензиясының қолдануын бір ай мерзімге тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабы 2-тармағына сәйкес егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жүзеге асыру үшін берілген, қолданысы тоқтатыла тұрған рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша жекелеген қызмет түрлерін (кіші түрлерін) немесе әрекеттерді (операцияларды) лицензиаттардың немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленушілердің жүзеге асыруына жол берілмейтініне Агенттік назар аударады.

Ақпарат көзі: Агентство по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Бұдан бұрын 2024 жылғы 14 наурызда Агенттіктің Астана қаласы бойынша департаментімен «Астана» Тауар биржасы» АҚ-ға (бұдан әрі – Тауар биржасы) лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеу фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК)  464-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

* Анықтама: ӘҚБтК 464-бабының 1-бөлігінің санкциясы рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе онсыз қосымша әкімшілік жаза қолдану арқылы айыппұл қолдануды көздейді.

Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының (бұдан әрі – ӘҚБМАС) 2024 жылғы 8 сәуірдегі қаулысымен Тауар биржасы ӘҚБтК 464-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл салумен және лицензияның қолданылуын бір ай мерзімге тоқтата тұру түріндегі қосымша әкімшілік жаза қолданумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2024 жылғы 2 мамырда апелляциялық сатыда Тауар биржасының ӘҚБМАС қаулысына шағымын қарау нәтижелері бойынша Астана қаласы сотының қаулысымен шағым қанағаттандырусыз, ал ӘҚБМАС қаулысы өзгеріссіз қалдырылды.

Осыған орай, жоғарыда көрсетілген сот актілерінің негізінде Агенттік Тауар биржасының 2022 жылғы 25 қарашадағы № KZ85LDU00003015 тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензиясының қолдануын бір ай мерзімге тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабы 2-тармағына сәйкес егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жүзеге асыру үшін берілген, қолданысы тоқтатыла тұрған рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша жекелеген қызмет түрлерін (кіші түрлерін) немесе әрекеттерді (операцияларды) лицензиаттардың немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленушілердің жүзеге асыруына жол берілмейтініне Агенттік назар аударады.

Аймақтағы жаңалықтар