«ASTANA Жас Жігер»: елордада NEET-жастарға арналған футбол турнирі өтті: Астана қаласы, 08 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«ASTANA Жас Жігер»: елордада NEET-жастарға арналған футбол турнирі өтті

«ASTANA Жас Жігер» жобасы аясында Астанада NEET санатындағы жастарға арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, футбол, волейбол және баскетболдан турнирлер өткізілді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Жобаны Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Ол жастарды әлеуметтендіруге және дамытуға бағытталған.

Жастар үшін футболдан турнир, волейболдан және баскетболдан жарыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар мұнда есепте тұрған қиын жасөспірімдер мен жастарға арналған мамандандырылған мектептердің әлеуметтанушылары мен психологтарының қатысуымен түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

NEET санатындағы жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Әсел Болатқызы NEET санатындағы жастардың осындай спорттық жарыстар мен қоғамдық-мәдени іс-шараларға қатысуы оларға басқа адамдармен өзара іс-қимыл жасауға, өздерінің әлеуметтік желілерін кеңейтуге және достық байланыстарды қалыптастыруға мүмкіндік беретінін айтты.

«Мұндай іс-шаралар бос уақытты өткізуге оң және салауатты балама болып саналады, оларды теріс мінез-құлық үлгілерінен алшақтатып, салауатты өмір салтына тартады», - деді Әсел Болатқызы.

Іс-шара барысында «ALAMAN» Спорт және өнер академиясында жоба жеңімпаздарын марапаттау және футболдан финалдық турнир өтті.

«Турнир өте жақсы өтуде, барлығы қызықты ұйымдастырылған. Біздің команда финалға шықты. Біз жыл сайын осындай турнирлерге қатысамыз және мұндай спорттық іс-шаралар жас ұрпаққа өте жағымды әсер етеді деп санаймыз. Осындай іс-шараны жиі өткізсе, нұр үстіне нұр болар еді», - деді футбол турнирінің қатысушысы Ерболат Сапаров.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

«ASTANA Жас Жігер» жобасы аясында Астанада NEET санатындағы жастарға арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, футбол, волейбол және баскетболдан турнирлер өткізілді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Жобаны Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Ол жастарды әлеуметтендіруге және дамытуға бағытталған.

Жастар үшін футболдан турнир, волейболдан және баскетболдан жарыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар мұнда есепте тұрған қиын жасөспірімдер мен жастарға арналған мамандандырылған мектептердің әлеуметтанушылары мен психологтарының қатысуымен түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

NEET санатындағы жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Әсел Болатқызы NEET санатындағы жастардың осындай спорттық жарыстар мен қоғамдық-мәдени іс-шараларға қатысуы оларға басқа адамдармен өзара іс-қимыл жасауға, өздерінің әлеуметтік желілерін кеңейтуге және достық байланыстарды қалыптастыруға мүмкіндік беретінін айтты.

«Мұндай іс-шаралар бос уақытты өткізуге оң және салауатты балама болып саналады, оларды теріс мінез-құлық үлгілерінен алшақтатып, салауатты өмір салтына тартады», - деді Әсел Болатқызы.

Іс-шара барысында «ALAMAN» Спорт және өнер академиясында жоба жеңімпаздарын марапаттау және футболдан финалдық турнир өтті.

«Турнир өте жақсы өтуде, барлығы қызықты ұйымдастырылған. Біздің команда финалға шықты. Біз жыл сайын осындай турнирлерге қатысамыз және мұндай спорттық іс-шаралар жас ұрпаққа өте жағымды әсер етеді деп санаймыз. Осындай іс-шараны жиі өткізсе, нұр үстіне нұр болар еді», - деді футбол турнирінің қатысушысы Ерболат Сапаров.

Аймақтағы жаңалықтар